М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
femjimin
femjimin
18.02.2022 03:50 •  Қазақ тiлi

Туган жерге деген сагыныш эссе​

👇
Ответ:
onlysvp
onlysvp
18.02.2022

Объяснение:

 

Туған жер, осы сөзді естігенде құлаққа жағымды, жүрекке жылы тиіп, бойыңды бір тәтті сезім билейді. «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» демекші, қай жерде жүрмесін әр адамның туған жерге деген сағынышы бір бөлек.

Міне, 2 айлық қысқы демалысымыз аяқталып, ақпан айының 23-ші жұлдызында Қытай елінің Бейжің қаласына ұшып келдім. «Пәлен жерде пайда бар, өз еліңдей қайда бар» деген екен дана халқымыз. Қазіргі таңда экономикасы қарыштап, миллиардтаған халықты белгілі бір тәртіпке жұдырықтай жұмылдырып, оларды қамтамасыз ете алып отырған осы бір алпауыт елден керегімізді алып,iлiм-бiлiм жинап оны өз халқымыздың пайдасын арттыруға жұмсамақ ниетте жүрмін. Дегенмен шет мемелекттің аты шет мемлекет сондықтан да өз туған жеріңді сағынарың сөзсіз.

Қасиетті қазақ даласының қадірін сыртта жүріп сезінбеу әсте мүмкін емес. Оның ішінде кіндіқ қаным тамған, Қазақ елінің кіндігінен орын тепкен, қасиетіне дүйім жұрт қайран болған Ұлытаудың топырағын басып жүргенге не жетсін. Қазақ халқының ортақ тірлігі мен бірлігіне ту тіккен киелі Ұлытаудың жанға шипа саф ауасы мен тау суынан канып ішкен бір сәттің өзі құдды бір жаныңа жәннәт сыйлағандай әсерде қалдырады. Табиғаттың жазылмаған заңдарымен жеткен құбылыстың бірі-Туған жер бізге өз қасиетін берер болса, біз де яғни жас ұрпақ туған жерге деген шексіз махаббатымызды патриоттығымыз арқылы білдіре алуымыз шарт. Әдетте, туған жердің қадірін сыртта жүрген біледі. Жерлесіміз, Ұлытаудың тумасы Камал Смайылов ауылына деген сағынышын сыртта жүріп, «Ұлытауым, сенің қасыңда Гималай маған аласа, Ұлытау сен ғажапсың, Кавказдан да тамаша» деп білдірген екен. Жалғыз Камал Смайлов қана емес, Ұлытау талай жүйріктерді бәйгеге қосып, қаншама текті ұрпақты тәрбиелеген дала.

4,7(44 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Zaminaej
Zaminaej
18.02.2022
Еңбек кодексі ыңғайлы уақытта қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын алуға кепілдік беретін қызметкерлердің санаттарының тізбесін қысқарды. Жаңа еңбек кодексінде бұл категорияға тек қана жұмыс күндері жұмыс істейтін қызметкерлер ғана тағайындалады. Оларға негізгі жұмысқа кетіп бара жатқанда бір уақытта еңбек демалысы беріледі. Бұрын мұндай кепілдеме жүкті әйелдерге (босанудан бұрын және одан кейін олардың өтініші бойынша демалыстар берілсе), сондай-ақ ауысыммен жұмыс істейтін қызметкерлерге (қарттарда төленген жыл сайынғы еңбек демалысына рұқсат етілмеген демалыс).
4,5(47 оценок)
Ответ:
egorovnanastya0
egorovnanastya0
18.02.2022
Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмтылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатын шығар. Мектеп-білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде он бір жыл уақытты әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, он бір жыл бойы білім алып, таудай болып шығамыз. Алғашқыда мектепке келіп әрбір әріпті, әрбір санды жазып үйрену қалай қиынға соққан еді? Уақыт өте бәрі өзгерді. Жазуды да, оқуды білмейтін кішкентай балалар бүгін міне, мектеп қабырғасынан үлкен жетістікке жете алатын тұлғаларды дайындауда. Көзді ашып-жұмғанша мектеп қабырғасында өткізген әрбір қырық бес минут балалық шағымның балғын уақыты болып қала береді. Мектеп «үлкен отбасы, ұстазымыз біздің ақылшымыз, анамыз, сыныптастарымыз жақын досымыз. Мектеппен қоштасу» балалықпен қоштасу. Мектепте біз шынайы дос табамыз, білім алып, өмірді үйренеміз. Мектеп бізге тірек беріп, жылулық пен бақыт сыйлайды. Ал ұстаздар болса бізге үйретуден еш жалықпас. Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер. Дәл осы кездер есімізде ең жарқын естеліктер болып қалады.
4,7(31 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ