М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
vikatopcheg
vikatopcheg
09.04.2022 01:28 •  Қазақ тiлi

«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде) пәнінен 4-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
Мәтінді тыңда.
1.
көктемде жылы жақтан жыл құстары ұшып келеді. Жыл құстарының алғашқысы болып
ұзақ қарғалар келеді. Оларды халық «көктем хабаршысы» деп атайды. Содан кейін бозторғайлар
мен қараторғайлар келеді. Қараторғайлар келісімен күннің көзі ашылып, жер беті жылынады. Кар
еріп, жылғалардан су ағады. Ең соңынан су құстары ұшып келеді.Жыл құстары жол бойы талай
қиындықтардан өтіп, топ-тобымен туған жерлеріне оралады. Ұя салып, балапан өргізеді. Адамдар
жыл құстарын қуана қарсы алады.
Мәтінге сүйеніп, «Құстарға қамқорлық» тақырыбында әңгіме құрастырып айт.
Тірек сөздер: көктем, ауа райы, жыл құстары, ұшып келу, күтіп алу, балалар, көмек, ря, жем шашу,
қуаныш.​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
KotenokLove10
KotenokLove10
09.04.2022
Қыстың желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес. Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз. Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды. Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні-түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рақат жоқ. Жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған. Шилі бет байғұстар желге де қарсы қарай алмайды. Сабаққа мезгілімен жүретін баланың да ертеңгі аяз есінен көпке дейін шығатын емес
4,8(6 оценок)
Ответ:
Maria2005y
Maria2005y
09.04.2022
Қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.

Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады.

Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. 
4,8(7 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ