Рухани өміріміздің тарихында бір дәуірдің болмыс-бітімін, таным- түсінігін айшықтай түсетін айрықша тұлғалар болды. Исламға дейінгі Тәңірлік дүниетанымның шашырап жатқан дерек көздерінің негізінде пайымдап, бас- аяғын жинақтауға әрекеттенер болсақ, оның бел ортасында тұрған дара тұлғаларды айналып өту мүмкін емес. Солардың бірі, бірегейі-түркі халықтарының арасында есімі ежелден танымал-Қорқыт ата. Шығыс Түркістаннан бастап Кіші Азияға дейінгі түркі халықтарының ауызша да, жазбаша да жәдігерлерінен ойып орын алған Қорқыт бейнесі бір ғана көркемдік дүниенің жеміс еместігі, мұның астарында берісі нақтылы тарихи тұлға, арысы тұтас қоғамдық-әлеуметтік, саяси, діни дүниетаным тамыр тартып жатқан дәуірлік құбылыс жатқандығы даусыз. Байыптап қарасақ, исламнан бұрынғы идеология мен таным-түсінікке қатысы бар тұлғалардың қуаттысы да, жұртшылыққа кеңінен мәшһүр болғаны да Қорқыт есімі.
Географиялық жаңалықтар — 15 ғ-дың соңы мен 17 ғ-дың ортасы аралығында саяхатшылардың жаңа жерлерді, құрлықтар мен аралдарды, мұхиттар мен теңіздерді, теңіз жолдарын ашумен басталды. Бұл кезең тарихқа «Ұлы географиялық ашылулар» заманы деп енді. Жаңа жерлердің көптеп ашылуы Еуропадан Оңтүстік және Шығыс Азия елдеріне теңіз жолдарын іздеумен байланысты болды. Міне, осы «ұлы географиялық ашылулар» заманы мен «жаңа заман географиясы» аралығында география ғылымына өз саяхаттарымен, зерттеулерімен үлкен үлес қосқан, жаңалықтар енгізген көптеген жиһангездер, ғалымдар, зерттеушілер болды. Мысалы: Фернан Магеллан, Христофор Колумб, Васко да Гама, Америго Веспуччи, Педру Алвариш Кабрал, Джон Кабот, М.В. Ломоносов, Ф.Ф. Беллинсгаузен, М.П. Лазарев, П.П. Семенов-Тян-Шанский, Шоқан Уәлиханов, Н.И. Вавилов және басқалары география ғылымына сіңірген еңбектері өте зор. Бұлар, әрине бір дәуірде өмір сүрген жоқ. Біреулері Жер бетінде жаңа жерлер мен суларды ашып, карта бетіне өзгерістер енгізсе, екіншілері, сол жерлердің табиғатын, халқын, тұрмыс-салтын, мәдениетін зерттеп, жазба, кітап ретінде ұрпағына мол мұра қалдырған. Бұл сабақ, осы ұлы саяхатшы, зерттеуші, географтардың бірі: Ф. Магеллан, Х. Колумб, Ф.Ф. Беллинсгаузен, М.П. Лазарев және Ш. Уәлиханов жайлы болмақ.