Келген қонақтарға құрмет білдіру үшін әннен шашу шаштық.Алыстағы ағайынның амандығын сұрап қайтайын. Дәрігер бізді күлімсіреп қарсы алды. Сол кездегі ақжарқын иінезінен түк қалмаған.Романда ауыл өмірі шынайы суреттелген.Сыпайы сөйлеп өзіне тартып алатын әдеті бар.Үлкенге сәлем берудің бір түрі-иілу.Жасы үлкенмен екі қолды беріп амандасу керек.Үй иесі орта жастағы кісі екен. Бұл жерге өзге адам келмейді ғой. Ұлағатты ұстаздар қатарласқан сәтті суретке түсірдім.Өтіп бара жатқан жыл жаман болған жоқ.Жүзінен күлкі кетпейтін Айша бүгін де көңілді.Беріктің сұрағына иығынан қарап жүре жауап берді.Бауырлас өзбек халқы да достық пейіл танытып жатыр
Объяснение:
Шығарма.
"Қыз Жібек" жыры – асыл махаббаттың айшықты ескерткіші.
Махаббат - әлемдегі бар сезімдердің ұлысы.Махаббатсыз өмір жұпыны болар еді.Бұл - тек адамдар арасында ғана емес,адамның Отанына,туған жеріне,еліне,табиғатқа,белгілі бір кәсіпке,затқа деген сезімін де қамтиды.Мұхтар Шаханов:
Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы,
Адам азса махаббаттың жоқтығынан азады,-деп бекер айтпаған деп ойлаймын.Әрине,махаббат тек сүйеніш қана емес,күйінішті де әкеледі.Бірақ махаббат арқылы адамдар жалғыздықтан арылып,бақытты атанады,өзін қолдайтын,корғайтын жанды табады ғой.
Қазақ тарихында қаншама ғашықтар өтті десеңізші.Солардың бірі – Қыз Жібек пен Төлеген.Бұл екі жастың асқақ махаббаты туралы біз "Қыз Жібек" жырынан оқып,білдік."Қыз жібек" лиро-эпостық дастаны – қазақ халқының ең көне,асыл мұраларының бірі.«Қыз Жібек» жыры – аңыз емес, тарихи оқиға,кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері – Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар,бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды.Төлеген – нағыз лирикалық кейіпкер болса,Жібек – сұлулық пен әсемдіктің нышаны,қазақ халқының мақтанышы болды.Бұл екеуі бір-бірін құлай сүйгенмен,олардың бақытына Бекежан қастандықпен балта шапқан еді.Кейін Жібек қайсарлықпен сүйгенінің кегін алып, әмеңгерлік салт бойынша Төлегеннің інісі Сансызбайға қосылады.Бірақ,Төлегеннің де, Жібектің де өзіне лайық жар іздеуі,сүйіспеншілікпен үйленуді көздеуі – сол кезеңдегі жастардың ойында, көкірегінде жүрген арманын, мұңын, тілегін аңғартады.Автордың өзі: "Батырлық, байлық кімде жоқ,ғашықтық жөні бір басқа..." дей отырып Жібек пен Төлегеннің арасындағы махаббаттың адал екенін дәлелдей түседі деп білемін.
Біз үлкендерге әрдайым құрмет білдіруге тиіспіз.
Саған күлімсіреу сондай жарасады.
Әсем - ақжарқын, мейірімді, сыпайы қыз екен.
Атам әдепсіз жігітке көңілі толмай,жасы үлкенмен қалай-қалай сөйлейсің?-деп,ренішін білдірді.
Үй иесіне сөз кезегін берейік.
Мектеп жанынан өтіп бара жатып,сыртта футбол ойнап жүрген балаларды көрдік.
Жүзі жылы,ибалы қыз екенің көрініп тұр.
Мен оған қанша рет достық пейіл танытсам да,ол мені үнемі алдап, ренжіте береді.