Отбасынызбен бірге аяк астынан саяхатқа шығу керек болдыныз. 3 күнге аз сьсны жетекшнізден сұрануыныз керея Осыған байланысты етініш (страну себебі, уакыть керсетілу керек) жазыныз (120-130 сеа дадешне) е
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
Адам өмірінде өнер зор рөл атқарады. Ол адамның шығармашылық күштерін көрсетіп, білдіреді. Өнерде адам өмірге деген көзқарасын, өзінің толқыныстарын, ойлары мен идеяларын көркемдік образ арқылы жеткізуге тырысады. Əр өнер түрлерінің өзінің материалы болады. Жазушыда-сөз, мүсіншіде- мәрмәр, сəулетшіде-тас, ал суретшіде-бояулар. Осылардың көмегімен шеберлер өнер туындыларын шығарады. Ұлы суретшілердің ең керемет жұмыстары мұражайларда сақталған. Сурет галереясында көркем сурет шығармаларын көруге болады. Галереяның залдарында суреттерді қараған кезде, біз əр заман мен ғасырдың суретшілерінің қөзқарастарымен танысамыз . Суреттерден, бізге қатал патшалар мен қолбасшылар, сұлу əйелдер мен сабаз кавалерлер, қарапайым халық, мейірімді балалар қарайды. Суретшілер портреттерде сыртқы ұқсастықты ғана емес, ең алдымен кең жан дүниесін жеткізгісі келді. Шебер əр оқиғаның тарихи маңызын, əр адамның тарихтағы орны мен рөлін көрсете білді. Көркем өнерде тарих жай деректерде ғана емес, көрнекті бейнеде көрсетілген. Шынайы көркем өнермен кездесу ұмытылмас əсер қалдырады.