--Сен сабаққа уақытында келесің бе ?
--Мен сабаққа уақытында келемін.
--Қандай пән саған ұнайды ?
--Маған қазақ тілі пәні ұнайды.
--Неге ?
--Мен Қазақстанда тұрамын. Қазақ тілі біздің мемлекеттік тіліміз.
Сондықтан маған қазақ тілі пәні ұнайды.
--Сабақты түсінбесең не істейсің ?
--Сабақты түсінбесем мен мұғалімнен қайта түсіндіруді сұраймын.
--Үй тапсырмасын уақытында орындайсың ба ?
--Үй тапсырмасын мен уақытында орындаймын , менің күн тәртібім бар.
--Сабақта қандай бағаны жиі аласың ?
--Сабақта төрт пен бес бағаны жиі аламын.
--Сабақтан себепсіз күндерің болды ма ?
--Сабақтан себепсіз күндерім болған жоқ.
Қазақстан қорықтары
Қазақ жерінде 10 қорық бар. Ең алғаш ашылғаны - Ақсу-Жабағылы қорығы (1926ж.). Барлық қорықтар: 1.Ақсу-Жабағылы - Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. 2.Наурызым қорығы (1934ж.) Қостанай облысы. 3.Алматы қорығы (1964ж.) Алматы облысы. 4.Қорғалжын қорығы (1968ж.) Ақмола облысы. 5.Марқакөл қорығы (1976ж.) Шығыс Қазақстан облысы. 6.Үстірт қорығы (1984ж.) Маңғыстау облысы. 7.Батыс Алтай қорығы (1992ж.) Шығыс Қазақстан облысы. 8.Алакөл қорығы (1998ж.) Алматы облысы. 9.Барсакелмес қорығы (1939ж.) Қызылорда облысы. 10.Қаратау қорығы (2004ж.) . Қорықтарды құрудың мақсаты - әр түрлі географиялық зоналардың жекелеген учаскелерін табиғи күйінде сақтау, жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетінін және құрып бара жатқан түрлерін қорғау.
Бұдан басқа, Қазақстанда табиғат ресурстарының бөліктерін шектеулі шаруашылыққа пайдалану қарастырылған режимдегі жалпы ауданы 4600 га 83 кіші қорықтар бар. Аң аулау орындары, геологиялық, ботаникалық, зоологиялық, көлді, батпақты, ландшафты кіші қорықтар да бар.
Менің өмірімдегі ең жақсы, тамаша күн ол менің 17 жасқа толған күнімЕсіме алсам, бүгінгі күнге дейін жаныма жарық нұр төгілгендей күлімдеумен боламын. Кейде көшеде кетіп бара жатып есіме түсіп кетеді, сол кезде өзім мен өзім мәз болып бара жатқанымды көрген бейтаныс жолаушылар маған есі ауысқан кісіні көргендей қарайды. Менің сол қуанышқа толы күнім түнгі 24-00де басталады. Негізінде менің туылған күнім 18-тамызда, ал 17-тамызда біз, менің би тобымдағы қыздармен әншілерді ауызашарға мейрамханаға шақырғанбыз . Ауызашар біткеннен кейін қонақтарымыз қайтып кетті. Биші қыздар 24-00ге дейін күтіп, мені құттықтап барып үйлеріне тарады. Мен бір неше құрбыммен қайттым. Қайтып бара жатқанда көлігіміз үйдің жаңындағы мектептің алдында тоқтай қалады, құрбыларым көліктен шығаса салып, мектеп жаққа жүгіре ұмтылады. Мен не болғанын ұқпай, қыздардың артынан барып едім, мектепке енді жақындағанда майшамдар жағылып, достарым « Туылған күніңмен» деп бүкіл көшеге айқай салды. Қарасам менің барлық достарым жиналып алыпты, қолдарында әр түрлі шариктер,мен жақсы көретін гүлдер, әдемі торт және мені әлі күнге дейін қуандыратын тоты құс. Таң қалғаным соншалық айтарға сөз таппай тұрып қалдым, ал кеудемде болса қуаныш толып тұр. Тортты турау үшін көліктің жанына барғанда, тағы бір достарым келіп құттықтап, өз көліктерінің багажнигін ашып туған күнге арналған әндерді қосты біз сол әнге билеп, бір-бірімізге торт жағып, ойнап-күліп қайттық.
Келесі күні біз бәріміз кешке жиналып «Тұңғыш президенттің паркіне» бардық ол жердің әр түкпір-түкпірін аралып шықтық. Шынымды айтсам сол кезде мен ол паркке бірінші рет кірген болатынмын және мен табиғатты жақсы көремін.Сол үшін маған бұл күн өте ерекше болып көрінді. Газонда отырып түрлі ойындар ойнадық, әңгіме-дүкен құрдық солай тағы түнгі 24-00ге дейін жүріп қалдық. Осы күнде маған қатты ұнағаны достарымның жастарының үлкен айырмашылығына қарамастан, бәрі ұйымшылдықпен жиналып келгені. Сол үшін мен достарыма өте риза болдым. Осы күннен кейін біз әр досымызды түнгі 24-00де құттықтауды әдет қылып алдық.Иә, жылдар өтіп жатыр, ал біз әлі де бала болып қалудамыз, менің өскім келмейді кішкентай болған сондай тамаша, уайым-қайғы жоқ тек қуаныш пен бақыт...
Объяснение: