Мәтіннен күрделі сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін теріп жаз.
үшінші перне немесе Гиннесс кітабына кірген қазақ.
Талғат Бигелдинов ағамыздың Тоқтар Әубәкіровтің ерлігіне тәнті болғанда айтқан сөзіне қосыла бас иземеске амал қайсы? Мы нау деген кез келген ғарышкер ұшқышыңыз сынақшы-ұшқыш бола алмайды. Былай қарасаң, олардың дәрежелерінің бір-бірінен еш кемістігі не артықшылығы жоқ. Тек ғарышкерлер елдің алдында, халықтың алдында жүретін топ, ал сынақшылер құпия өмір сүреді. сынақшы мен ұшқыштың ара-жігін ажыратып алу керек. Мәселе олардың қызметінің сынықшылық құпиялылығында да емес, бар мәселе олардың жүрегінде. Ең алдымен жүрек керек, жүрек!
Жүрекжұтқан батыр ағасының жүрекжұтқан батыр інісі туралы айтқан сөзі бұл. Қазақ: жүрегінің түгі бар, деп осы Талғат пен Тоқтар сынд кісілерді айтса керек.
Қазақстанның көрікті жерлері.
Кезекті география сабағы еді.Үй тапсырмасына “Қазақстанның көрікті жерлері” деген тақырып берілді.Мұғалима менің есімімді атап,тақтаға шақырды.Мен:“Қазақ халқында “Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары” деген даналық сөз бар.Сол секілді,менің туған жерімде өзге еш жерде кездеспейтін әсем жерлер мен қасиетті мекендер бар.Сондай мекендердің бірі,“кіші Швейцария” деп аталып кеткен – Бурабай.Ол республикадағы ең танымал туристік бағыт саналады.Бұл жердің әсем табиғаты,көптеген қонақүйлері, шипажайлары әрқайсысымызға ұмытылмас әсер сыйлайды. Сондықтан болар бұл жер халық арасында “екінші Швейцария” деп аталып кеткен. Бұл жерде демалып қана қоймай, ем қабылдауға да бар жағдай жасалған.
Біздің жерімізде сонымен қатар қасиетті де тарихи сәулет ескерткіштері бар.Атап айтсақ:Айша-Бибі, Бабажа қатын, Қарахан кесенелері.Осы жерлерден ерекше рухани күш алуға болады.
Қазақстанға табиғат шеберлікпен сыйлап кеткен жерлер жетерлік.Сондай жерлердің бірі Алматы қаласынан 193 шақырым қашықтықтағы Шарын шатқалы мен Шарын өзені.Мұнда сіз ертедегі халықтардың сан алуан жартасты “қамалдарды” көре аласыз.Әлемде бұндай көріністерді Солтүстік Американың Колорадо штатындағы “Үлкен шатқал” алқабынан ғана кездестіруге болады.Одан кейін Ақсай шатқалы, Алакөл мен Балқаш көлдері, Шымбұлақ курорты, Қорғалжын қорығы, Зайсан көлі, Марқакөл қорығы, Қатон-Қарағай ұлттық саябағы, Жидебай-Бөрілі қорық-мұражайы және т.б.Әрине, бұл тізімді жалғастыра беруге болады.Әлі зерттелмей,еленбей жатқан жерлер қаншама?” – деп өз білген,көргенімді айтып берген болатынмын.Апайым бестік бағаны қойып,басқаларға да осылай өз елінің көрікті жерлерін жатқа біліп жүру керектігін айтқан еді.