Тәтті қиял.
Адам қиялында шек жоқ қой,шіркін.Адамзат қиялы,ойлау жүйесінің биіктігі,жан-жақтылығы арқылы ғана бүгінде көптеген жаңалықтарды әлемге паш етуде."Армансыз адам – бұлбұлсыз құспен тең" деген екен дана халқымыз.Шынымен де,тәтті қиялға,арманға ерік бермейтін пенде жоқ шығар...
Әли бүгін сыныбымен мұражайға барды.Мұражайдың әр бөлігінен оқушылар жаңа мәліметтер алып жатты.Ендігі кезек ғарыш әлеміне,ғарышкерлер өміріне келгенде Әли аса үлкен зеректіліктпен айналасына көз салды.Әлидің қиялының басы анадайда тұрған скафандрда.Ия,Әлидің арманы жұмбақ ғарыш әлемімен байланысты еді.Бір қараса үстінде скафандр,айналасы толған жұлдыздар.Өзі бір ғаламшардың үстінде тұр екен.Белгісіз ғаламшарды суретке түсіріп,зерттеп тезірек Жерге жеткізсем деп асығады.Қасында өзі секілді ғарышкер достары да бар екен...Мұғалімі шақырғанда барып Әли есін жиды.Бұның жай қиял екеніне Әли күрсінбеді.Керісінше,сол қиялын шындыққа айналдыруды мақсат тұтты.
(Көп мағыналы сөздер:көз,бас).
(Ауыспалы мағыналы сөздер:ойлау жүйесінің биіктігі,тәтті қиял).
Қазақстан - менің Отаным. Ол барлық адам бейбітшілік пен татулықта тұрып жатқан мемлекет 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тәуелсіздігін жария етті. Біз үшін тәуелсіздік күні ең қадірлі күннің бірі. Бұл жолда қаншама адам құрбан болды. Біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Жыл сайын тәуелсіз мерекесінде еске аламыз. Осы тәуелсіздікке жету үшін олар қаншама тер төкті.Отаны үшін күресті. Қазір біздің мемлекетіміз татулық пен бейбітшілікте өмір сүруде. Биыл тәуелсіздігімізге 25 жыл толады. Бұл көп уақыт емес,бірақ біз осы уақытта көптеген жетістіктерге жеттік. Осы жетістіктерге жетуіміз елбасымыздың арқасы. Елімізде қысқы Азия ойындары өткізіліп, көк байрағымыз көкте желбіреді. Лондон олимпиадасында спортшыларымыз еліміздің байрағын асқақтатты. Бүгінгі күнде еліміз жер көлемі бойынша тоғызыншы орында тұр. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес , ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған дұрыс.
Тәуелсіздік - ұлы ұғым. Қуана отырып мұңаятын ,мұңая отырып қуанатын ұлы мейрам. Тәуелсіздік жолында құрбан болған әр қазақ қарақан басынан күллі жұртты жоғары қойған. Біз де биік ойлай білуге тиіспіз. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!
Сәлеметсін бе досым! Бiр күнi сен менен сұрап едiң ғо менiң тұратын жерiм туралы, соны саған айтып берудi жөн көрдім. Менм тұратын жерiм өте бай, мен омен мақтанамын, көз жауын аларлықтаи көркiмен ерекшеленiп тұрады. Дасым қалай ойлайсын мен қандай сұлулық туралы аитып отырмын? Мен ешқандай бiр баилық емес, әсем табиғаты туралы аитып отырмын, өте көрiктi керемет сөз жоқ! Досым қаласаң маған қонаққа кел мен саған қорықтарды, өзендердi, тауларды, ормандарды жәнеде сол ормандарды мекендейтiн жандарды қуана қуана көрсетемін сол кезде көзiң жетед. Ал әзiрше сау бол!