М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
dan2013215671
dan2013215671
04.08.2021 14:16 •  Қазақ тiлi

Тут надо либо ничего не писать либо где галачка стоит выбрать. что выбрать не знаю осталось 10 мин

👇
Открыть все ответы
Ответ:
veno1
veno1
04.08.2021

Әбділда Тәжібаев (1909-1998 ж. т.) - ақын, драматург, әдебиет зерттеуші ғалым. Филология ғылымының докторы, проф., Қазақстан Республикасының халық жазушысы.Әбділда Тәжібаев 1909 жылы Ақмешітте (қазіргі Қызылорда қаласында) дүниеге келген. Орта жүз Қыпшақ тайпасы Торы руы Бессары атасынан шыққан.[1][2] Әкесі Тәжібай 1915 жылы қайтыс болады да, шешесі Айманкүлдің қолында қалған. Жағдайына байланысты алты жасар Әбділданы қала сыртындағы Қараөзек деген жерде тұратын төркініне алып кетеді. Содан болашақ ақын он үш жасына дейін шешесі Айманкүл мен нағашы атасы Далдабайдың тәрбиесінде өседі. Жас Әбділданың өлеңге, әдебиетке деген құштарлығын оятқан да өз анасы мен нағашы атасы болады. Айманкүл араб, парсы тілдерін жақсы білетін сауатты, көзі ашық, көңілі сара кісі екен, Әбділдаға өзі хат танытып, әдебиет үлгілерін оқытып үйретеді. Кейін белгілі халық ақыны болып, өлеңдер жинағы да жарық көрген Әбділдаға шешесі Айманкүл, ол кезде әкесі Далдабай қарттың өтінішімен ауыл адамдарына Шығыстың қиссалары мен қазақтың неше алуан жыр-дастандарын оқып беріп отырған. Соларды қыбыр етпей, құмарта, үнсіз тыңдаушыларының бірі – Әбділда болған. Кейінірек үйлеріне келген қонақтары мен ауыл адамдарына, кішігірім жиын-топта әлгі қисса, дастандарды атасының айтуымен Әбділда оқып беретін болған. Оның үстіне бұл ауылға, әсіресе осы нағашы атасының үйіне Сыр елінің атақты ақын-жыршылары жиі келіп тұрған. Бір жолы Әбділда ауылдарына келген атақты ақын әрі әнші Нартай Бегежановпен Айманкүлдің ұзақ айтысын тыңдап, шешесінің айтқыштық, ақындығына қуанып тапқыр сөздерін есінде ұстап қалған. Анасы жастай дүниеден қайтқан күйеуін байырғы қазақ салтымен жыл бойы жоқтағаны, шешесінің өзі шығарған ұзақ жоқтау поэмасын дауыстап жатқа айтқанын төсекте жатып тыңдап, мұңды-шерлі әуеніне іштей үн қосатын болған.

Жаңа бір түсіп, шам сөнді,Ашыла түсіп, гүл солды, –

деген, ол кезде мағынасын өзі жете түсінбеген жолдарын да есінде сақтап қалған.

1963 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты және Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болын сайланады. Филология ғылымының докторы Ә.Тәжібаев жазушылығына қоса біраз жылдар М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданып, өмірінің соңғы жылдарын бірыңғай шығармашылыққа арнайды. Қарт ақын Ахмет Байтұрсынұлы бастаған арыстарымыздың ақталғанын көріп, тоталитарлық жүйенің сеңі бұзылғанын сезініп, 1998 жылы 90-ға қараған шағында дүние салды.

4,8(87 оценок)
Ответ:
OLYAPAVLOVA15
OLYAPAVLOVA15
04.08.2021

Орыс тіліндегі сөздерді аударып, көшіріңіз:

1. Электр желісі - электр қуатын өндірілетін орындардан тұтынушыға жеткізуге, әрі оларға бөліп таратуға арналған құры лғылардың жиынтығы.

Ол қалалық, аудандық, ауылдық, өнеркәсіптік қуатын электр желісі болып, сондай-ақ электр қуатын тарату, қоректендіру желілері болып та ажыратылады. Электр қуатын алысқа жеткізу үшін жоғарылатқыш трансформатор станциясында тоқ қысымы жоғарылатылады.

Кернеу артқанда тоқ күші кемитіндіктен, қуат шығыны азаяды, сөйтіп өткізгіш сымдарды жуандығын жіңішкерту мүмкіндігі туады.

Кішірейту қосалқы станцияда кернеу тұтынушылардың пайдалануына қажетті шараға дейін төмендетіледі.

Белгілі бір кернеулі тоқты өзгеріссіз қабылдауға, әрі бөліп таратуға арналған қосалқы станциялар бөліп таратушы деп аталады.

Әр түрлі кернеулі электр желісін өзара қосу үшін желілік қосалқы станцияларды трансформаторлардан басқа коммутациялы аппараттармен жабдықталған. Жоғарғы және төменгі бақылау, басқару құрылғылары болады. Әрбір электр желінің электротехникалық жабдықтары жұмыс істейтін номинал кернеумен сипатталады. Біздің елде пайдаланылатын кернеулер: 220/127, 380/220, және 600 в және 3, 6, 10, 20, 35, 110, 150, 220, 330, 500, 75 кв.

Мәтінге сұрақ құрастырыңыз:

1. Электр желісі дегеніміз не?

2. Электр желісі қалай ажыратылады?

3. Бөліп таратушы деп нені айтады?

4. Желілік қосалқы станцияларда әр түрлі кернеулі электр желісін қосу үшін трансформаторлардан басқа немен жабдықталған?

5. Әрбір электр желінің электротехникалық жабдықтары немен сипатталады?

6. Біздің елде қандай кернеу пайдаланылады?

Сан есімдерді сөзбен жазыңыз:

220/127 - екі жүз жиырма/жүз жиырма жеті,

380/220 - үш жүз сексен/екі жүз жиырма,

600 - алты жүз,

3 - үш,

6 - алты,

10 - он,

20 - жиырма,

35 - отыз бес,

110 - жүз он,

150 - жүз елу,

220 -"екі жүз жиырма,

330 - үш жүз отыз,

500 - бес жүз,

75 - жетпіс бес.

Антонимдер тауып жазыңыз:

Жоғары - төмен

Жоғарылатқыш - төмендеткіш

Жоғарылатылады - төмендетіледі

Жіңішке - жуан

Артады - кемиді.

Сөз тіркестер құрастырыңыз:

Қалалық әкімшілік

Селолық округ

Өнеркәсіптік сала

Энерготехникалық жабдықтар

Қосалқы бөлшек

Объяснение:

4,5(52 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ