М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Зайчутка
Зайчутка
27.10.2021 22:50 •  Қазақ тiлi

Мектеп Сынып 4 А Аты-жөні Күні 18.05.2020
«Қазақ тілі » пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың
тапсырмалары

4 сынып

Оқылым
1-тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Берілген тапсырмаларды орында.

1) 1-абзацтан көздің үлкендігін білдіретін сөзді тауып жаз.
2) 2-абзацта берілген көп нүктенің орнына сәйкес болатын шылауды анықта.
А) себебі В) және С) мен пен
3) Автор кейбір сөйлемдерде «әкетіп барады, әкетіп барады», «жазып жатыр,
жазып жатыр» деген сөздерді неге екі рет қайталайды?
А) бір нәрсенің мәнісін күшейтіп көрсету үшін
В) бір нәрсенің маңызды екенін көрсету үшін
С) оқырманның есіне бір нәрсені түсіру үшін
D) мәтіндегі сөз санын толықтыру үшін

4) Мәтіндегі қарамен берілген сөздің мағынасын түсіндіріп жаз.


5) Мәтіннің мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған бір сұрақ құрастыр және
оған жауап жаз.

Сұрақ Жауап

Жазылым
2-тапсырма : Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Ауа райын болжау

Торғайлар ағаштың бұтағында дыбыс шығармай, қонақтап отырса, қар жауады. Олар
қосылып шиқылдаса, жылы болады. Қуысқа тығылып, бір жерге топталса, суық болады.
Бұл – боран алдындағы көрініс. Бозторғай әндетсе, сауысқандар шатыр астына тығылса
боран болады.
Тауық бұрынғысынан жоғары қонақтаса, қатты аяз болады. Әтеш, қаз бір аяғымен
тұрса, аяз болады. Тауық аяз боларда қанатын қағады.
Жылқы жылы боларда жатады, аяз боларда тұрады. Боран боларда қорылдайды.
Қоян жатар орнын бұрынғысынан биіктете түссе, ауа райы бұзылады.

1) Жетінші сөйлемдегі зат есімдерге көптік жалғау жалғап жаз.


2) Жылқы деген сөзді үш жақта тәуелде.


3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, көшіріп жаз:
Б...ыл төртінші сыныпты бітіремін. Еңбек сабағында құстарға үшік жасауды
үйрендім. Тақурай қара топырақты тау бөктерінде өседі. Қар қандай ақ болса, ақ
а...дың түсі сондай аппақ болады. Құстар бақшамыздағы зи...нды құрттарды жейді.

👇
Ответ:
смпанк2004
смпанк2004
27.10.2021

1 мен 2 тапсырмаларға мəтін керек.Мəтінсіз болмайды

4,5(40 оценок)
Ответ:
Gubaeva5
Gubaeva5
27.10.2021

ответ:маганда лсы керек

Объяснение:

4,6(10 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Ogurchick
Ogurchick
27.10.2021

Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?

Тоқ тұра алмас дәмдіден дәмді іздемей.

"Бір тойған — шала байлық" деген қазақ,

Ет көрінсе, қайтеді күйсей бермей?

Еңбек жоқ, харекет жоқ қазақ кедей,

Тамақ аңдып қайтеді тентіремей?

Ет пен қымыз сықылды ас жоқ дейді,

Ол немене жоқтықтың әсері емей?

Ет, қымыз тамақ болса әркімге арзан,

Тәтті, дәмді іздер ең онан да әрман.

Өз пұлыңмен халің жоқ күнде тояр,

Құлдық ұрып асайсың асы бардан.

Өз үйіңнен тоярға қолың қысқа,

Ас берер ауыл іздеп жүрсің босқа.

Бір жілік пен бір аяқ қымыз берген

Дереу сені жұмсайды бір жұмысқа.

Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел,

Малың болса, сыйламай тұра алмас ел.

Қаруыңның барында қайрат қылмай,

Қаңғып өткен өмірдің бәрі де — жел.

Тәуекелсіз, талапсыз мал табылмас,

Еңбек қылмас еріншек адам болмас.

Есек к...н жусаң да, мал тауып кел,

Қолға жұқпас, еш адам кеміте алмас.

Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиылмас,

Сұм нәпсің үйір болса, тез тыйылмас.

Зиян шекпей қалмайсың ондай істен,

Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас.

Асаған, ұрттағанға ез жұбанар,

Сенімді дәулет емес сен қуанар.

Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,

Қардың суы сықылды тез суалар.

Мінер атын, киімін ып-ықшам қыл,

Сымбаттанып, сымпиып тамақ аңдып,

Бұраңдап жылы жүзін асқа сатқан

Антұрғанға қосылмай кетсін қаңғып.

Күлдіргіштеу, күлкішіл, қалжыңға ұста,

Кезеген ит тым-ақ көп біздің тұста.

Өз үйінен жиреніп, қашып жүрген

Антұрғанға қосылма қапылыста.

Объяснение:

Это стих-Абая Кунанбаева

4,6(73 оценок)
Ответ:
Perfekto86
Perfekto86
27.10.2021

Мен үшін сүйіспеншілік – тіршіліктің негізгі тірегі.  Жалпы, менің ойымша, сүйіспеншілік – жақындарымызға, қоршаған ортамызға, бір сөзбен айтқанда, барша әлемге махаббатпен қарау. Сүйіспеншілік ұғымының аясы өте кең. Айналамыздағы келеңсіз жағдайлар мен кедергілерді жеңуге көмектесетін де осы сүйіспеншілік. Бар жан дүниесі, жүрегі сүйіспеншілікке толы жан ешқашан жамандық ойламайды, себебі ол бақытты жан, оның рухы кемелдік көгінде қырандай қалықтап, мәңгіліктің жасыл жайлауына қанат қағады. Мұндай көңілі көктем, жайсаң жандар осы бақытымен барша әлеммен бөліскісі келіп, алып – ұшып тұрады. Осындай асыл жандар тек жақсылық ойлап, игі істермен айналысып, айналасына мейірімін төгіп, көңіл нұрымен шуақтандырып тұрады. Жүрегі сүйіспеншілікке толы жандар жанымызды жылытып, өмірімізге сән береді.

Сүйіспеншілікті адам алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап сезіп-көре бастайды. Мейірімін төккен ата-анасының ыстық құшағында олардың аялы алақанын сезіне жүріп, өмірге төселеді. Есейе келе толағай сүйіспеншілікті айналасынан көру-көрмеуі екіталай. Әйтсе де, адам өмір бойы сүйіспеншілікті іздеп, дауыл алдындағы шағаладай шарқ ұрып өтері анық. Ендеше, сүйіспеншілікті өмірлік ұстанымызға айналдырып, барлығымыз бақытты болайық!

4,6(71 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ