М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
armen6204
armen6204
07.05.2021 11:05 •  Қазақ тiлi

Хат тақырыбы ұлы женіс күні​

👇
Ответ:
poladasadov
poladasadov
07.05.2021

Биыл 2014 жылы араға бірер күн салып, жалпы адамзат өзінің тарихында жазылған қаһарлы соғыстағы Ұлы Жеңістің 69 жылдық мерекесін тойлағалы отыр. Ғұмырымыздағы аса қуанышпен қарсы алатын мерекелеріміздің бірі - Жеңіс күні. Жеңіс күні қанша уақыт өтсе де, қилы өзгеріс болып жатса да, ұрпаққа ең ыстық мейрам болып қала береді. 9 мамыр Жеңіс күні - әр адамды толқытатын ерекше, аса қастерлі де айтулы күн. Бұл Жеңіс болмағанда көптеген елдер мен халықтардың тағдыры басқаша қалыптасып, Қазақстанымыз да тәуелсіз ел болмас па еді? Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні - соғыстан оралмай қалған жауынгерлердің рухына бас иіп, ал арамызда жүрген соғыс ардагерлеріне бұрынғыдан да құрметпен қарап, олардың жауынгерлігіне және ерліктеріне тағзым ететін күн. «Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ерлер қолында» - деп батыр атамыз Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей, ардагерлер - Қазақстан халқына бейбітшілік, тыныштық, береке, бақыт орнатқандар. Сұрапыл соғысты басынан өткеріп, бізді жеңіске жеткізген ағаларымызбен бабаларымызды, сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарып, сонысымен Жеңіс күндерді жақындатқан аналарымызды да мақтан тұтамыз. Соғыс майдангерлері Отанға деген шын сүйіспеншілігімен, ерліктерімен, қайсарлығымен, жігер - қайратымен, ел қорғау сезімімен келер ұрпаққа үлгі болды. Еліміздің тарихында, жалпы әлем тарихында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі өшпес ерліктерімен мәңгілікке жазылып қалды. Жалпы тарих үшін бұл азғана уақыт болса, адамзат өмірінде алатын орны ерекше. Қан майдан, сұрапыл соғыс жылдарында «Отан үшін отқа түс, күймейсің» - деген ұранмен шайқасқан, бүгінгі күні санаулы қалған ардагерлеріміздің ерліктеріне бас иіп, құрмет көрсету бүгінгі мен келер ұрпақтың өтелмес парызы. Сондай-ақ, алда келіп қалған 7 мамыр – Қазақстан Қарулы күштерінің құрылған күні. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жастарға арнаған бір сөзінде: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!», – деген еді. Бұл сөздерді қайталап оқыған сайын біздегі жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиет қандай деңгейде екен деген заңды сұрақ туындайды. Олай болса, құрметті әріптестер, жерлестер! Осы сәтті пайдалана отырып, қасиетті де ұлы мереке қарсаңында Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен және де Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі. Баршаларыңызды және отбасыларыңызды осындай тамаша мереке күндерімен шын жүректен құтықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, зор бақыт, бейбіт өмір мен береке-бірлік тілеймін!

4,8(42 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Alvn
Alvn
07.05.2021

6. Перпендикулярлы түзулерді салу ережерін түсіндіру , мысалдар арқылы көрсету .  

Перпендикуляр (лат. perpendіcularіs — тік) — берілген түзумен (жазықтықпен) тік бұрыш жасап қиылысатын түзу (жазықтық). Түзулердің перпендикулярлығын белгілеу үшін "⊥" белгісі пайдаланылады. Жазылуы: AB⊥CD. Оқылуы: "AB түзуі CD түзуіне перпендикуляр". Перпендикуляр түзулер жазықтықты төрт тік бұрышқа бөледі. Берілген нүктеден түзуге дейінгі қашықтық сол нүктеден түзуге тұрғызылған пепендикулярдың ұзындығына тең.

 

Тік бұрыш (90 бұрыш) жасап қиылысатын түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады:

 

Осы суреттегі a және b түзулері 900 градусты бұрыш жасап қиылысады. Суретте тек бір бұрыш қана 900 деп көрсетілген, бірақ қалған бұрыштар да 900 градусқа тең.

Себебі осы бұрышқа сыбайлас бұрыш (сыбайлас бұрыштардың қосындысы 1800 градуске тең) 180 - 90 = 900, ал осы бұрыштын вертикаль бұрышы оған тең болғандықтан, ол да 900 градуске тең.

Теорема

Түзуде жатқан әрбір нүкте арқылы перпендикуляр түзу жүргізуге болады, және бұндай түзу тек біреу ғана болады.

a түзуінде жатқан D нүктесі арқылы, осы түзуге перпендикуляр b түзуін жүргізуге болады, және бұндай түзу тек біреу ғана болады.

Перпендикуляр түзулерді белгілеу

Екі a және b түзулердің перпендикуляр болатыны ⊥ символымен яғни a ⊥ b деп белгілейді. Өз бетінізбен кағазға бірнеше перпендикуляр түзулерді салыныз.

Объяснение:

4,4(84 оценок)
Ответ:
KarinaKORS
KarinaKORS
07.05.2021

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мұрасын жинауда, ақынның ғылыми өмірбаянын жіктеуде Ж. Аймауытовтың рөлі маңызды. Ж. Аймауытовтың 1927 жылы 15 қарашада Мәшхүр- Жүсіп Көпейұлына жазған хатында өзінің Сұлтанмахмұтқа, сонымен қатар, Мәшхүр-Жүсіпке деген құрметін білдіре отыра, ол былай деп жазады: «Былтыр

Сұлтанмахмұттың туындыларын жинадым, үлкен кітап құрастырып және баспаға тапсырдым. Егер рас болса, ол басылып шығарылады деген хабар алдым. Бұл мен үшін адамгершілік борыш болды. Кейінгі міндетім мүмкіндік болса, сіздің есіміңізді тарихта қалдыру. Орындай аламын ба, жоқ па? Білмеймін. Өйткені ескінің даналығын бағалайтындар саны азайып барады.

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығы мұрасының әдеби зерттеуі – ХХ ғасырдың 30 жылдары басталды. Торайғыров туралы мақаланың бірінші авторлары І. Жансүгіров, С. Мұқанов, С. Сейфуллин, А. Адалис, И. Масловой, К. Дәукенов, С. Айтмұқанов және басқалар болды.

Ақынның өмірі және шығармашылығын зерттеуде Б. Кенжебаев ерекше үлес қосты, ол ақынның поэтикалық шығармашылығы бойынша кандидаттық және докторлық  диссертациялар қорғады, сонымен қатар Торайғыров туралы бірнеше монографиялар және мақалалар жазды.

М. Әуэзов, Т. Абдрахманов, М. Базарбаев, Р. Бердібаев, К. Бейсембиев, А.Дербісалин, Ы.Дүйсенбаев, У.Есназаров, Б.Жақыпбайұлы, Н. Жандильдин, А. Жовтис, Ж. Ысмағұлов, Е. Ысмайылов, Т. Кәкішев, 3. Кедрина, Т. Қожакеев, Н. Нартаева, А. Нұрқатов, К. Нұрмаханов, Т. Нұртазин, Б. Сахариев, М. Сильченко, X. Сүйіншәлиев, Ә. Тәжібаев, Ш. Торайғыров, М. Тілеужанов, Б. Шалабаев, К. Шаменов, М. Фетисов, Е. Ысмайылов сияқты жазушылар және филологтар Торайғыров поэзиясын әдеби зерттеуде үлкен үлестерін қосты, олар бірнеше монографиялар, мақалалар жазды, сонымен қатар қазақ әдебиеті бойынша жинақтарда оған тұтас тараулар арналды.

Жазушы Д. Әбілев Сұлтанмахмұт туралы трилогия жазды, ақынның бейнесін алғашқы рет көркем бейнеледі. 80-90 жылдары С. Торайғыров шығармашылығын А. Айманов, М. Әбдешев, К. Ергөбеков, С. Әшімбаев, А. Еспенбетов, Б. Жанымбет, Қ. Исабаев, А. Қабдыжанов, Б. Мамраев, Т. Рахымжанов, Е. Өтебаев, Қ. Шаяхметов сияқты әдебиетшілер зерттеді.

4,8(5 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ