М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
nastya20174
nastya20174
12.02.2021 20:08 •  Қазақ тiлi

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» эссе

👇
Ответ:
alina28042002
alina28042002
12.02.2021

Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы Н. Назарбаев Тіл – халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұта білуі керек. Өйткені халықтың даналығы, жырлары, шежіресі сол халықтың тілінде жазылады. Тіл – қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – халықтың жан, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі. Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Менің ана тілім – қасиетті қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. "Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқынын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына",-деп Жүсіпбек Аймауытов ағамыз жазғандай, жерін, елін сүйген әрбір азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Бала өмірге келгеннен бастап, өз ана тілінде сөйлеп, ана тілінде білім алып, жалпы ұлттық тәрбие алуы керек деп ойлаймын. Себебі өз ана тілінде сөйлеу оған деген көзқарас ең зор адамшылық, мәдениеттілік, тәрбиелілік өлшемі болып табылады. Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, "мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы"деген болатын. Ана тілі – алтын қазына, ана тілін қадірлеу, беделін нығайту біздің парызымыз. Біз – келешек еліміздің айбыны, Біздің қолда тіл мен ұлттың байлығы! Тіл  – тиексіз болашақтың тірегі, Бізге аманат Тәуелсіздік тұғыры!

Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/22707

Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз

4,4(20 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
taganrog123
taganrog123
12.02.2021
Бiр жылда 4 жыл мезгілі бар. Олар: қыс, көктем, жаз, күз. Бiр мезгiлде үш ай  бар. Қыс айлары: желтоқсан,  қаңтар, ақпан. Қаңтар  - жыл басы, қыс ортасы.  Қаңтарда суық қатты болады. Даланы, орманды қар басады, қатты аяз болады. Қыста күн қысқа, түн ұзақ болады. Өзендерге мұз қатады. Қыстыгүнi балалар өте көңiлдi болады. Олар аққала, қарбөбек жасайды, шанамен, шаңғымен сырғанайды,  мұзда коньки тебедi. Адамдар жылы киiнедi, бастарына құлақшын, бөрiк,  үстiне  пальто,  тон, аяқтарына  етiк киедi. Жаңа жыл мейрамын бүкiл әлем тамашалайды.
4,7(100 оценок)
Ответ:
Vladislav525245264
Vladislav525245264
12.02.2021
Шерхан Мұртазаұлы Мұртаза (28.9. 1932 жылы туған, Жамбыл облысы Жуалы ауданы Талапты ауылы) — жазушы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992).
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1955). 1955 — 56 жылы Қазақ мемлекет көркем әдебиет ба жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”), 1960 — 63 жылы “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеттерінде тілші, әдеби қызметкер, редактор, 1970 — 72 жылы “Жазушы” ба жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және “Жалын” альманахының бас редакторы, 1972 — 75 жылы “Жұлдыз” журналының бас редакторы, 1975 — 80 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы, 1980 — 89 жылы “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, 1989 — 92 жылы “Егемен Қазақстан” газетінің бас редакторы, 1989 жылдан-«Егемен Қазақстан» республикалық газетінің редакторы. «Қазақстан» мемлекеттік телерадиокомпаниясының төрағасы. 1990 жылдан - Ұлттық саясат, мәдениет және тілді дамыту жөніндегі комитет мүшесі. 1994 жылдан - Мәдениет, баспа, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер жөніндегі комитет мүшесі, Мәдениет, баспа, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер жөніндегі комитеттің мәдениет, әдебиет және өнер бөлімдік комитетінің төрағасы. ҚазКСР Халық депутаты (1990-1993). ҚР Жоғарғы Кеңесінің (1994-1995), ҚР Парламенті Мәжілісінің 2-ші шақырылым (1999-2004)депутаты.1992 — 94 жылы “Қазақстан” мемлекет телерадио компаниясының төрағасы қызметтерін атқарды. 12, 13-шақырылған ҚР Жоғ. Кеңесінің, 2-шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Сондай-ақ ол ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі. 1995 жылдан - шығармашылық жұмыспен айналысуда. 1996 жылдан - «Егемен Қазақстан» газетінің қызметкері.
4,6(23 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ