Адам болып дүниеге келген соң әр адам ананың сүті арқылы ана тілін,анасының тәрбиесін бойына сіңіріп өседі. Адам үшін ана тілі-туған тілі. Әр халықтың өз тілі,өз діні,өз әдет-ғұрпы бар. Әрбір халық өз ана тілін құрметтейді,қастерлейді. Ал өз ана тілін білмеу-надандық. "Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңде құрметте" дегендей,қанша тілді білсе де,әрбір жеке тұлға өз ана тілін құрметтей білу керек.
Қазіргі заманда адамдар ағылшын,француз тілдерін үйренуге талпынып жатыр. Себебі,ағылшын тілі шет елдермен қарым-қатынасқа түсу үшін өте қажет. Сонымен қатар,қытай,француз,орыс тілдерін біліп жүру де артық етпейді. Әр түрлі елдің тілдерін білу-мақтаныш,әрі адамның білімді екенін көрсетеді және де көптеген елдермен араласуға мүмкіндік тудырады. Үш тілден көп тілді білетін адамды "Полиглот" деп атайды. Елімізде үш тілді,яғни,қазақ,орыс,ағылшын тілдерін білу қажет. Болашақта көп тілді білудің пайдасы көп. Көптеген тілді білген адам жұмысқа да оңай орналасады. Алайда,қаншама тілді үйренсек те,ана тілімізге деген құрметті ұмытып кетпейік. (шағын шығарма,эссе десе де болады)
Аннотация дегеніміз-кітаптың,мақаланың мазмұнын,бағытын,құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама.
Бұл үзіндіде Құнанбайдың жанына жиналған адамдардың түр-түсін,кескін келбетін Абай көркем суреттеген.Сүйіндікті сақал- шашы бір реңдес Құнанбайға тіке қарай алмайтын,әңгімеге жоқ адам ретінде суреттеген.Бөжейді отырғандардың ішіндегі келбеттісі ретінде көрсеткен.Отырғандардың ішінде Құнанбайға қырандай қарап отырған тек Байсал екенін оның көгілдір көзінің салқын әрі сыр бермес салмақты көзқарас екенін ашық жазған.Жанында отырған Қаратай мен Майбасарды шапшаң,еті тірі қағылез ретінде суреттеген.Бұл үзіндіде жиналған адамдардың ішінде Құнанбайдың шоқтығы биік екенін,кез-келген адамның оның жүзіне тіке қарай алмайтынын,сұсты адам болғанын білеміз.Абайдың аңғарымпаздығын,сезімталдығын,әр адамның жүзіне қарап көркем суреттеп,бейнелей алатынын,көзқарасынан адамды таный алатын адами тұрғысын танимыз.
Шымбұлақ.
Еліміздің оңтүстік астанасы Алматы қаласында көрнекті жерлер өте көп. Сіздерге солардың бірі туралы айтқым келіп тұр, ол - Іле Алатауы шатқалында 2510 метр биіктікте орналасқан «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты. Шымбұлақ кешені бүгінде тек шаңғышылар ғана емес, сонымен отбасылық демалыс ретінде көптеген адамдардың сүйікті орнына арналған. Бұл жерде желтоқсан мен сәуір аралығында қар жатады.
Шаңғышылар мен туристтерге бар жағдайлар жасалған: кешенде онақ-үй, мейрамхана, боулинг, ал балалы отбасыларға арналған «бэби-лифт» - көтергіші бар балалар алаңы құрылған.
Бұл жерде белсенді спорт түрімен айналысатын спортшылар, шаңғышылар, альпинисттер, тіпті шаңғыға алғаш тұрушылар өздерін жайлы сезінеді, себебі Шымбұлақты еш жерде қайталанбайтын атмосфера, ерекше рухани күш жайлаған.