М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ruevtop
ruevtop
20.07.2022 18:09 •  Қазақ тiлi

Бостандық таңы атты
Бостандық таңы атты,
Қазағым, көріңдер.
Арға ие басшының
Соңынан еріндер.
Таң артынан ақиқат
Күн шығады,
Еріншек, жалқаулық
Әдеттен безіндер.
Арамдық, аразды
Түбімен жойыңдар.
Өтірік, өсекті
Біржола қойыңдар.​жалғасы​

👇
Ответ:
aasybas
aasybas
20.07.2022

Бостандық таңы атты, қазағым, көріңдер,

Арға ие басшының соңынан еріңдер.

Таң артынан хақиқат күн шығады,

Еріншек, жалқаулық әдеттен безіңдер.

Арамдық, аразды түбімен жойыңдар

Өтірік, өсекті біржола қойыңдар.

Жалғасы:

Намыс, жігер, бойыңа жиып қайрат,

Қажымай адалдық жағында болыңдар.

Бірлік пен талапты еңбекке салыңдар,

Өнерлі елдерден өнеге алыңдар.

Күндестіктің өзімшіл көзін құртып,

Ұмтылып, ерікті ел болып қалыңдар.

Ар түзер адамның адамдық санасын,

Ақ жеңіп шығады арамның қарасын.

Адал еңбек, ақ жүрек берер шешіп,

Таза ақыл қосылса, әлемнің таласын.

Адамның бәрі бір, болмайды аласы,

Оларды бұзатын нәпсінің таласы.

Ар билейтін заманда нәпсі өліп,

Бірігер еңбекте барша а

Адалдың жері жоқ ақырда жеңбейтін,

Тарихта әрқашан адал жан өлмейтін.

«Ақ иіліп сынбақ жоқ» деген рас,

Нәпсі өлсе өзімшіл, бұған кім сенбейтін?

Таласпай бөліссе табиғат байлығын,

Қара жер тойғызар адамның барлығын.

Махаббатпен бірлесіп еңбек қылған

Өмірдің көреді бақытты сайлығын.

Бұл өмір таусылмас, жаңарар адамзат,

Арам ой мұтылып, зорлықшыл болар мат.

Адал етсең, енбектің жемісін жеп,

Шалқыған ел-жұртым, боларсың көңілің шат.

Мен өлсем, ұрпағым, артымда қаларсың,

Тілеген мақсұтты өмірден аларсың.

Есіңе алып келгенде қабіріме,

Шаттықпен шалқытып, әніме саларсың!

4,6(23 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Коля12Коля
Коля12Коля
20.07.2022
Астана-ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. біздің дәуіріміздің хі-хііі ғасырларында арқада қыпшақ тайпалары көшіп - қонып жүрген. өткен ғасырда археологтар ақмола жерінен көне қаланың орнын тапты. бозақ-қазіргі астанадан небәрі 15 шақырым жерде. қалашық х-хііі ғасырларда гүлденіп, жібек жолы бойындағы сауда орталықтарының біріне айналған. сондай-ақ бозақ қыпшақ билеушілерінің елордасы болған. демек, елбасымыздың астана орнын арқа төсіне таңдауы кездейсоқтық емес, тарихты болжап, болашақты түйген көрегендік. 1996 жылы ақмола қаласын астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі күмәнмен қарады. алайда 1998 жылдың 10 маусым күні тәуелсіз қазақстан жаңа да жас қала-астананың атын бүкіл әлемге паш етті. етек-жеңін енді қымтап, есін жиған егемен елдің бірегей ұлдары қазақ елінің болашағы үшін барын шаша еңбек етті. халқымызда «басы қатты болса, аяғы тәтті» деген дана сөз бар. астана , көркейе түсті. айбынды астанамыз жарық жұлдыздай жарқырады астанамыз әр күні жылға татитын, әр жылы ғасырға тең қарқынмен ң даңғыл жолына түсті. 1999 жылы юнеско-ның шешімімен астана «әлем қаласы» атағына ие болды. астана-сәулеті келіскен алып шаһар. бас қаладағы ең ғажайып, әсем мұнара-бәйтерек. тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды білдіретін алып мұнара еліміздің символына айналған. гүлденген астанамыз, түрленген жас қаламыз-елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі. не деген махаббат сұрапыл, тәңірден берілген нұр, ақыл. астана қазақты ғаламға, танытпай қоймайды, тұра тұр, - деп қ.әбілдақызы жырлағандай, астана-елбасының ғажайып ерлігі. жас ұрпақтың келешегін ойлайтын кемеңгер нұрсұлтан әбішұлының ұлы дала төрінен асқақ та ғажап қала тұрғызуы-теңдессіз қайсарлық. әр елді астанасы-сол елдің төлқұжаты. «астанасына қарап елін таниды» деген елбасы сөзінде терең мән бар. нұрсұлтан әбішұлы «еуразия жүрегінде» атты кітабында: - қалалардың да сияқты өз тағдыры болады. олардың әрқайсысының өз аты, қайталанбайтын өмірбаяны, дүниеде ешбір жерге ұқсамайтын өзіндік айрықша мінезі мен белгілері бар», - деп жазыпты. британдық «the sunday times» газеті өзінің 2005 жылғы 20 ақпандағы нөмірінде: «астанада жасалып жатқан жұмыстардың ауқымы нанғысыз. оны жүзеге асыру үшін қазақстан президенті нұрсұлтан болу керек», - деп жазды. ендеше, аяулы астана - елбасының тарихи қолтаңбасы. «біз жаңа астананың негізін салдық. бұл - бостандық туралы ежелден далалық арман мекен еткен қала. бұл - біздің он бес жылғы жолымыз бастап әкелген және бүгінде осы жол енді ғана басталатын қала. бұл - біздің жол, қазақстан жолы», - дейді н.ә.назарбаев. сәулетті астанамен тағдыры тоғысқан, халқымен жүрегі бір елбасы бастаған нұрлы көш - қазақстанның тәуелсіздік жолы ешқашан адаспақ емес. елбасы бізбен бірге. астанадай ғаламат қала қазақ жерінің мәңгілік жерұйығына айналады
4,4(8 оценок)
Ответ:
Ольчик071196
Ольчик071196
20.07.2022

бүгінде қазақстан ғана емес, бүкіл дүниежүзі табиғи минералды ресурстарды мейлінше үнемдеп, пайдалануға қатты көңіл бөліп отыр. еліміздің қазіргі қарқынды қ , күнделікті тұрмыста энергия тұтынудың жаппай өсуі, сонымен қатар, тұтынушылар тарапынан ысырапшылдықтың орын алуы соңғы кезде энергияны үнемдеп жұмсау мәселесін мемлекеттік деңгейге көтерді. міне, сондықтан да, әрбір азамат, барлық мемлекеттік және коммерциялық құрылымдар энергияны үнемдеудегі жауапкершілікті түсініп, оған өз үлестерін қосуы тиіс. бұл еліміздің тиімді ға және азаматтардың тұрмысын жақсартуға әсерін тигізеді. мамандардың айтуынша, біздің елімізде энергия ресурстарын пайдалану тиімділігі бүгінгі күні 30 пайыздан аспайды, яғни, тұтынылатын энергияның үштен екісін ысыраппен пайдаланып отырмыз деген сөз. энергия үнемдеудің негізгі мақсаты ң барлық салаларында, тұрғын үй секторында және тұтас алғанда елімізде энергия тиімділігін арттыру болып табылады.

4,5(45 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ