Кез келген елдің тілегі де, оның арманы да халқының бейбітшілігін сақтау екені сөзсіз. Елінің экономикасын дамытып, халқының қауіпсіздігін нығайту арқылы ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Өйткені, бейбіт өмір бақыт, береке, бірлік әкелумен бірге, өрлеу мен өркендеуге жол ашады. Дана халқымыз «Байлық байлық емес, бірлік – байлық» деп бекер айтпаса керек. Бұқара халық әрдайым тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды. Ал ұрпағының амандығы келешегінің кемелдігін білдіреді. Өткен тарихқа көз салсақ, адамзат небір сұрапыл соғыстардан көз ашпады. Қаншама елдер соғыс зардабынан құлдырап, азып-тозды. Талай жазықсыз жандар сол зұлматтың зардабын шекті. Мұның барлығы бейбітшілік кеткен жерді берекесіздік жайлайтындығын тайға таңба басқандай етіп анық көрсетуде. Бейбітшілікті сақтау, соғыс отын тұтатпау, бейбітшілік үшін күресу қазіргі ХХІ ғасырдың да ең өзекті мәселелерінің біріне айналды. Содан болар, халықаралық қоғамдастық бейбітшілікті жалпыадамзаттық құндылықтар қатарына қосып отыр.
Жыл сайын дәстүрлі «Менің сүйікті шығармам» атты жас музыкант-инструменталистердің республикалық байқауы өткізілуде. Байқаудың мақсаты – мектеп жасындағы балалардың музыкалық шығармашылығын дамыту, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға баулу, баланың жеке тұлғасын ашу және ой-өрісін кеңейту болып табылады.
Байқауға қатысушылар Оқушылар сарайының әкімшілігіне байқауды өткізгені үшін, балаларға осы керемет сарайдың сахнасында өздерін сынап көруге мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді. Көптеген қатысушылар алғаш рет үлкен сахнаға шықты, бұл олардың жадында ұмытылмас әсер қалдырды. Байқау өткізу барысында лауреат, дипломант болып табылатын дарынды балалар анықталып, педагогтарға өз оқушыларының тәрбиесі мен білім алуына қосқан үлесі үшін алғыс хат берілді. «Менің сүйікті шығармам» конкурсын өткізу өскелең ұрпақтың музыкалық-эстетикалық талғамын қалыптастыруға жағымды әсер етеді, әрі қарай шығармашылық пен орындаушылық шеберліктерін арттыруға ынталандырады.
Астана
Ысқақұлы
Генуя
Уалиханов
Алматы
Алатау