Бұл суретте "Бокстағы аңыз адам" атағы бар Геннадий Головкин суреттелген. Ол 1982 жылы 8 сәуірде Қарағандыда дүниеге келген. Отбасында егіздің сыңары. Өзінен үлкен екі ағасы қайтыс болған. Олар бұған ешкімнен жеңілмеу керектігін үйреткен. Боксқа да сол үшін қатысқан. Маған Г. Головкин туралы оқығанымда адам алға мақсат қоя білу керек және оған жету үшін ерінбей тер төгу керек деген ой келді.
Не сезіндім, әрине танымал адамдардың өмірінде де тек жеңіс емес, жеңілістер де болып тұратынын сезіндім.
Не ұнады, оның өзін өзі жеңе білгендігі ұнады.
Объяснение:
Бұл тамаша нәрсенің аты- өнер. Өнер – әр адамның бойындағы белгілі бір құдірет күші секілді. Кейде өмірден түңілген кездерде немесе көңіл-күй түсіңкі болған жағдайларда, қолыңа гитара алып, бір шерткеннің өзі, сол басыңнан өткен көптеген ауыр кезеңдерді титтей болса да ұмытуға мүмкіндік береді. Ал оның өзі қандай керемет дүние. Адамның бойындағы дарын, талант деген осы ғой, шіркін Бірақ өнер ол теке қана белгілі бір аспапты игере білу дегенге шектеліп қалмау керек, өнер – жан- жақты болады. Адамгершілік қасиетті сақтап жүру, адамдармен жақсы қарым-қатынаста болудың өзі, тіпті ауыр хабарды біле тұра, өзге жанға жеткізудің өзі – өнер. Сондықтан да өнер – менің өмірімнің үлкен бір бөлігі деп білемін. Өнерлі адам- өрге жүзеді, - демекші, өнердің құдіреттері арқылы әрқашанда биік шыңдарды бағындыратынымызға еш күмән жоқ екенін ұмытпаңыздар!