Менің отбасым туралы диалог.
- Алмагүл, осы сенің отбасың үлкен бе?
- Ия, Сәуле. Менің отбасым үлкен. Біздің үйде жеті адам тұрамыз: атам мен әжем, ата - анам, ағам, қарындасым және мен.
- Қандай тамаша!
- Ия, менің ойымша, үйде әсіресе үлкен адамның болғаны жақсы. Қазақ халқында бұл жайында керемет сөздер бар ғой: «Үлкені бар үйдің қазынасы бар деген».
- Дұрыс айтасың, мен де бұл оймен толықтай келісемін.
- Атам мен әжем бізге үнемі өсиеттері мен ақылдарын айтып, бізді дұрыс жолға салып, мейірімді, бауырмал болуға тәрбиелеп отырады.
- Не деген керемет көрініс! Мұндай үлкен отбасында өзіндік ережелері мен салт - дәстүрлері де бар шығар?
- Ия, әрине, бар. Мысалға, ережелерге келер болсақ, біз әрдайым бір - бірімізге кез келген шаруада көмектесеміз, үлкендердің айтқанын екі етпей орындаймыз. Ал отбасылық дәстүрлеріміз өте көп. Соның ішінде маған ең ұнайтыны - ол демалыс күнгі отбасылық ас: анам міндетті түрде ұдттық тағам бесбармақ пісіреді, ал әжем болса, дәмді бауырсақтарын әзірлейді. Ал біз бауырларымызбен қосылып үй жинастырып, келер аптаның сабағын оқимыз. Осы демалыста сен біздің үйге қонаққа кел, мен сені өз отбасыммен таныстырайын.
Шақыруыңа көп рахмет, міндетті түрде келемін.
Объяснение:
Өлмейді ісі мәңгілік, Өшпейді абзал есімдер. Ұрпаққа жетіп мәңгілік Кетпейді естен асыл ер,- деп ақ жалын ақын Жұбан Молдағалиев жырлаған. „Ерлік – елге мұра, ұрпаққа - үлгі” бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы – біз үшін үлгі, шежіре, тағдыры – тарих деп есептеймін. „Ел ерімен еңселі”, „Елім” деп еңіреп туған ерлердің есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат, халық мұндай қаһарман ұлдарын жыр аңызға айналдырып, өшпес ерлігін ауыздарынан тастамай, жан жүрегінде сақтайды. Бүкіл бір елдің қасиетін өз бойына дарыта алған, туған ұлтын шексіз сүйіп, терең қадір тұтқан халқымыздың қаһарман ұлы – Бауыржан Момышұлы. Туған жерім Мыңбұлақ, арналы Ақсай, Ішсем суы татиды шекер, балдай Қызғалдақ, қалың егіс, көк жоңышқа Сенен артық жер, шіркін, өтер қандай, – деп өзі жырлағандай Бауыржан Момышұлы 1910 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Кейін „Ұшқан ұя” атты кітабында баяндағандай, Бауыржан атаның әкесі Момыш пен көкесі Момынқұлдың тәрбиесінен көп өнеге алған. „Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің”,- деп, дана халқымыз айтқандай, оның бойындағы адамгершілік – асыл қасиет, алдымен анасының ақ сүтінен дарыса, екіншіден, өскен ортасының тәрбиесінен дарыды деп ойлаймын. Қаршадайынан-ақ жігерлігі, қайтпас қайсарлығы, бойында бір жұмбақ күштің жасырынып, жанартаудай өз кезегін күтіп жатқандығы аңғарылады. Жеті жылдық білім алған Бауыржан ата алғаш еңбек жолын мұғалімдіктен бастайды, кейін қаржы саласында екі жылдай жұмыс істейді. 1932 – 56 жылға дейін үзбей әскери қызметте болған Бауыржан атаның жолы - өзінше бір ерлік дастан. Ол Ұлы Отан Соғысының жан беріп, жан алысқан қиян-кескі майданында-ақ асқан ер жүректілігімен, әділетсіздікке қаны қас, қиындыққа қайы айсарлығымен, соғыс тактикасын жете меңгерген.