Кенесары қозғалысының түрлі кезеңдерін қамтитын фольклорлық шығармалар өте көп. Олар жанрлық қырынан алғанда көлемді тарихи жырлар, ғашықтық мазмұндағы дастандар, кейіпкерлердің арман-аңсарларын аңдататын лирикалық өлеңдер, Кенесарының Арқа жұртымен қоштасуын бейнелейтін толғаулар, тəлімі мол тарихи аңыздар, хан Кене мен Наурызбай төренің қазасын жоқтауға арналған ғұрыптық жырлар болып келеді. Бұлардан басқа, күллі қазаққа аты мəлім ақындар шығарған туындылар да аз емес. Нысанбайдың «Кенесары-Наурызбайы», Көкбайдың «Абылай- Кенесарысы», Нұрханның «Жасауыл қырғыны», Саяділдің «Кенесарысы», Досқожа ақынның «Қоштасу жыры», М. Сералиннің «То ан», Д. Əлімбаевтың «Кенесары» дастаны сияқты т.б. жырлар Кенесары қозғалысын бейнелеуге бағышталған авторлық шығармалар тізбегін құрайды. Бұл шығармалардың басым көпшілігі көтерілістен соң туған.
Бұған қоса, Кенесары мен Наурызбай туралы жазылған тарихи ғылыми еңбектерді бір-бірімен салыстыра отырып оқыған кісі өмірде болған жайдың шындығы мен қо айырып, тарихи шындықтың көркем шындыққа қалай айналғанына көз жеткізері анық.
Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі - қолөнері, оның ішінде ою өрнек болып табылады. Ою өрнектер әсемдікпен, сәнділіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге халықтың арман- ойының, тілек мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда ою өрнектің мазмұндылық ерекшеліктері сан алуан. Бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімдерін, өнерін жоғалтпауы қажет. Өнер адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние.Оның құндылығы орасан зор. Сонау жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда адам өз ойын тасқа , сүйекке, ағашқа ойып, қашап түсіріп отырған. Қазіргі қолөнер саласындағы «сүйек ою өнері», «ағаш ою өнері» деген сөздер сол ерте заманда қалыптасқан ұғымдар. Қолөнердің сала-саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне әрі күрделі түрі- ою-өрнек өнері.