Төрт түлік мал төлінен бастап:
Түйеде:
1 жасқа дейінгі төл - бота;
1 - 1,5 жастағысы - буыршын (ұрғашысы - бұзбаша) деп аталады;
піштірілген еркек түйе - атан, қосөркешті еркек түйе - бура, сыңар өркештісі - үлек;
қос өркешті (айыр) және сыңарөркешті (нар) түйелердің алғашқы ұрпағын - қоспақ (біртума), екінші ұрпағын - балқоспақ, үшінші ұрпағын - мырзақоспақ;
тұңғыш ботайлайтынын - қаймалы, одан әрі боталай беретінін - інген, нардың ұрғашысын - аруана дейді.
Жылқы төлдерін былай бөледі:
құлын (биенің жас төлі),
жабағы (6 айдан асқан құлын),
тай (1 жастан асқаны) деп атайды.
Ал бұдан әрі ұрғашы жылқыны яғни байталды:
құнажын байтал (2 жастан асқаны),
дөнежін шығар (3 жастағы байтал),
дөнежін байтал (3 жастан асқаны),
бесті бие (4 жастан асқаны),
қасабалы бие (7 – 8 жастағы бие),
кәртамыс бие (11 – 14 жастағы бие),
жасаған бие (20 жастан асқан бие), т.б. атайды.
Піштірілмеген еркек жылқының яғни айғырдың атаулары:
құнан айғыр (2 жастан асқаны),
дөнен айғыр (3 жастағысы),
сәурік айғыр (3 – 4 жастағы үйірге салынбағаны),
бесті айғыр (5 жастағысы),
сақа айғыр (11 – 12 жастағысы), т.б.
Қой түлігінде:
Қой түлігі негізінен қозы, саулық, еркек қой болып үш топқа бөлінеді. Оның жаңа туған төлі қозы деп аталады.
Туу мерзіміне қарай қозы: арамза, кейе, қауқа, күнтимес, көпей, бөдене деп аталады. Жетіле бастағандарын марқа, бағлан дейді.
Саулық: тұсақ, саулық, бойдақ қой.
Еркек қой: ісек, қошқар, азбан болып бөлінеді.
Жасына қарай қой: тоқты, құнан қой, дөнен қой, ағауыз деп те аталады.
Ірі қарада:
1 жасқа толмаған төл - бұзау, баспақ, торпақ, одан үлкені - тайынша, тана;
1,5 - 2 жастағы ұрғашысы - қашар;
3 жасқа қарағаны - құнажын (құнажын сиыр, құнан өгіз);
4-ке қарағаны - дөнежін (дөнежін сиыр, дөнен өгіз);
5 жастан бастап сиыр, өгіз деп аталады.
Жынысы жетілген еркек малды - бұқа, піштірілгенін - өгіз дейді.
Жастардың жеті атаны жатқа біліп, танысқанда ру сұрасуы міндетті. Оның маңыздылығын ата-ана үйде балаға күнделікті айтып отыру керек. Бұл – бұрыннан келе жатқан қазақтың заңы. Осының негізінде жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрі сақталған. Оған қоғам түбегейлі қарсы. Өйткені, қан араласса одан дені сау бала туылмайды деген түйсік қалаптасқан. Яғни, жастарымыз сезімнің әсерімен ертеңгі күні опық жеп қалмауы тиіс. Сондықтан да білгенді айтып отыру, бізге міндет. Балаға әкеден бастап, ағайын-туысты, нағашы жұртты, алыс-жақынның кім екенін ұғындырып, ата-тегін, руын санасына сіңіріп өсіруіміз қажет, –
әке баласын,ана кызын калай тарбиелейди.Ертен балалары ер жеткенде ата-анасы жаман кылык жасаса бала соны кайталайды.Сондыктан ул бала,кыз бала озинин аке шешесине карап бой тузейды