Жаз - төрт мезгілдің бірі. Жаз айлары өте ыстық, әсіресе шілде айы. Балалар демалысқа шығып, қуанып, асыр салып достарымен таңнан кешке дейін ойнайды. Ал кейбірі жүктерін жинап, алыстағы туыстарына жол тартады. Жазда күн астында жүріп-ақ қарайып кетесің. Мен өзім Қызылорда облысының тұрғынымын. Қызылордада жаз өте ыстық болады. Арасында жаңбыр да жауып тұрады. Жаз мезгілінде егін егіп, бақшаның жұмысымен жүресің. Не ексең, соны орасың дегендей, қалай еңбектенсең, егіндерін жемісін береді. Әрине, біздің көп жейтін жемістеріміз қауын-қарбыз. Біз оларсыз жазды өткізе алмаймыз. Жаз мезгілінде алыстан құстар ұшып келеді, олар да шуласып, аспанда шыр-көбелек айналып жүреді. Сайраған бұлбұлдар, қаңқылдаған қаздар, тақылдаған тоқылдақтар осының бәрі жаздың сәні демейме?! Бақшамызда түрлі гүлдер бүршік жарып, гүлдерін ашуда, оларға бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақты және т.б. жатқызамыз. Міне, осылай жазда өтіп кетеді.
Подробнее - на -
Объяснение:
"Дос пен досты есеп бұзады не өсек бұзады".
Өз басым айтылған пікірмен толықтай келісемін. Себебі, біріншіден, адал достар арасында ешқандай есеп айырысу болмау керек. Осы орайда, «Досыңа қарыз берме, берсең, сұрама» деген нақыл сөз есіме түсіп отыр. Себебі, досың қиналған сәтте сенен қарыз алады және жағдайы келіп жатса, міндетті түрде қайтаруға тырысады деп ойлаймын. Ал егер, қайтып бере алмай жатса, бергеніңді міндетсінбеу керек. Бұл достар арасына кірбің салады.
Ал екіншіден, дос болған адамның сыртынан ешқашан жаман пікірлер айтып, қауесеттерге ермеу керек. Себебі, адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ал сен досыңды жамандайтын болсаң, демек өзің де сондайсың.
Сондықтан да, ұлы дана Абай атамыз айтқандай бес дұшпанның біреуі саналатын өсектен аулақ болып, достық қатынасты сақтай білейік. Өйткені, достық қарым – қатынас өмірімізде өте маңызды, адал дос табу оңай емес. Әрқайсымымыз достыққа мұқтажбыз, ол ешқашан көптік етпейді. Нағыз, адал дос өмірде орын алатын түрлі сәтсіздіктерге мойымай, басқа түскен ауыртпалықтарды бірге көтеруге жәрдемдесіп, қуаныш пен шаттық күндерді бөліседі. Осындай достарымыз көп болып, достықтарымыз мәңгілік болсын дегім келеді!
Жаз жылдың ең жылы мезгілі. Жаздың айлары: маусым, шілде, тамыз. Жазда күн ұзарып, түн қысқарады. Адамда жеңіл киінеді. Жазда жазғы каникул болды. Каникулда біз демаламыз. Кейбір оқушылар лагерьге кетті. Өзге оқушылар ауылға барды. Жазда ауылда өте қызық. Ал мен каникулда жиі табиғатқа барамын. Өзендердің суы жылы болады. Сондықтан табиғатта мен шомылдым, балық ауладым. Тағы мен саябаққа бардым. Жазда саябақ өте әдемі. Онда биік ағаштар, гүлдер өсіп тұр. Жаз менің сүйкті мезгілім
Объяснение: