Менің отаным- Қазақстан
Қазақстан — тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті.Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды.
Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүрсілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл-тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын.
Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер…еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. А ң татулығына ұмтылуы әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын қазақ халқының мінезінен жаралған. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғы көркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.
Біздің қазақ тіліміз өте бай. Өйткені ол ғажап және әсем сөздермен толы. Менің ойымша, біз қазақ тілін меңгеріп, тілімізді жетілдіруіміз қажет. Бұл біздің ана тіліміз, бұл біздің бай тіліміз. Біздің ұлы ақындарымыз осы бай тілімізбен керемет, әсем өлеңдер мен шығармалар жазған. Біз өзіміздің бай тілімізбен мақтануымыз керекпіз. Біздің тіліміз өте керемет. Жәнеде айтқанымдай тек қана жетілдіріп қана емес, онымен басқа елдерді қызықтыруымыз керекпіз. Енді біз өз тілімізді құрметтеп, мақтан тұтуымыз керекпіз. Мен осындай бай тілді білгеніме қуанамын! Қазақ тілі ең бай тіл. Мен қазақ тілін ешқашанда ұмытпаймын. Өйткені бұндай бай және керемет тілді ұмыту қиын. Мен тілімді қатты жақсы көремін. Қазақ тілі менің жүрегімде мәңгіге қалады!
94 слов
Абай Құнанбаев1845 жылы туған.Абай құнанбаев ақын жазушы
Объяснение: