ответ«еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысын болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа! » (н.назарбаев). талай – талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті отанымыз – қазақстан! қазақстан – тәуелсіз ел. сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші? ! еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыста өтті. әсіресе, хх ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. «өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын. тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт — сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. тәуелсіздік – арман! жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. сол арманға біздің қазақ халқы жетті. 1991 жыл — еліміздің қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қ басқан жылы. сол сәттен бері міне 25 жыл да өте шықты. қазіргі қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі қ, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. қазіргі таңда қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ң жедел қарқынмен — қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. бүгінгі қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. халқымыз бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып жетті. тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын. қазіргі таңда тәуелсіздік — барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. мемлекетіміздің тәуелсіздігі — ең алдымен халқымыздың бақыты. алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ғы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын. тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі. қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерде ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс
Ой-хой, қазақ даласы, не көрмедің?!
Қанша қурап, қаншама көгермедің?!
Қорқыт ата қобызымен боздаттың ғой
Асанның шерге толы өлеңдерін!
Ой-хой, қазақ даласы, не көрмедің?!»
-деп жырлағандай, халқымыз қазақ болып, ұлт болып қалыптасуы жолында да, одан кейінгі кезеңдерде де, талай қиямет-қайым күндерді де, талай қилы замандарды, кескілескен шапқыншылықтарды да бастан өткерді.
Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді ұлы даланың кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір кешудеміз.
«Тәуелсіз Қазақстан», «Қазақстан Республикасы»! Неткен керемет, киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан, Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады.Бүгінде біз-қанатын кеңге жайған егемен елміз.Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, ән ұранымыз асқақтай шырқалуда.
Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 25 жыл толып отыр. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та Қазақстанның биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың, болғанына да мақтанамын. Мен тәуелсіз елдің патриотымын!
Ешқандай қиыншылық көрмей жүргенімде, ата-анамның жүздерінен қуаныш пен шаттық іздерін байқағанда, көкірегімді керіп «Тәуелсіз елдің патриотымын!»-деп айта бергім келеді. Еліміздің бейбітшілігінің,тәуелсіздігінің арқасында күліп-ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті білім алып жатқан ерікті елдің, еркін ұланының бірімін!
Н.Ә.Назарбаев: «Алдымызда асу-асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел де бетінен қағар.Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!»-деп айтқандай, біздер, жас ұрпақ, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді, аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек.Бүгінгі партада отырған оқушы-ертеңгі азамат, ер патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті- өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті-сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу.
«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін!»
-деп өршіл ақын М.Жұмабаев болашаққа, жастарға үлкен сенім артты емес пе? Ақынның өлеңде келтірген көркем сөздеріне лайық болатынымызға сенемін…