М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
kris3256567
kris3256567
21.05.2023 04:40 •  Қазақ тiлi

Мына сөздерді пайдалана отырып, өз ойыңды жаз: рынок, экономика, жеке меншік, бәсеке, тауар, пайда, баға, тепе-тең баға, сұраныс, ұсыныс, сатушылар, тұтынушылар.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
TheEasyCloud
TheEasyCloud
21.05.2023

Алыс жақтан ұшып келе жатқан екі қаз жолай су таба алмай, жер шарлап, ұзақ жүріпті. Шілденің шыжыған ыстық күндері екен. Ақыры бір сарқынды көлшікке келіп қоныпты. Бір бақа сол көлшікті көптен мекендеп жүріпті. Ол көлшігін қызғанып, барқылдай қорып, екі қазды жолатпай, су ішкізбей қойыпты.

Шөлден таңдайлары кеуіп тұрған екі қаз әлгі бақаға бас иіп жалыныпты. Бақа сонда да көнбей:

– Бұл аз ғана көлшік, суы тізеден келеді. Сендер ішсеңдер, құрып қалады. Ал сендер сусындарыңды қандырған соң, ұшасыңдар да кетесіңдер. Мен бейшара сусыз қалай күн көремін? Ұшатын қанатым жоқ, құдық қазар тырнағым жоқ. Қайда барып жан сақтамақпын?! – деп қайғырады.

Екі қаз бақаның бұл айтқанына түсініп, оны жұбатады:

– Егер біз ішкеннен осы көлшіктің суы таусылып қалса, біз сені көтеріп ұшып, суы мол бір көлге жеткізіп салайық.

Бақа бұған көнеді. Үшеуі осылай уәделеседі де екі қаз суға қанып алады. Сол кезде көлшіктің суы да сарқылады. Содан кейін екі қаз осы арада бірер күн тынығады.

Бір күні аз ғана көлшіктің суы мүлде суалып, астындағы борығы сасып, құрттап кетеді.

Екі қаз уәде бойынша бақаға:

– Жүр, енді кетелік, суы мол көлге жетелік, – дейді. Ол да ұшуға құмартып тұрады. Екі қаз құлаштай ұзын шыбық тауып келеді де бақаға соны дәл ортасынан тістеткізеді. – Біз сені көкке алып ұшқанда, аузыңды ашпай, жағыңды қарыстырып, тістеп тұра бер. Аузыңды ашсаң, жерге құлайсың.

– Айтқандарыңды орындаймын, – дейді бақа.

Екі қаз әлгі шыбықтың екі ұшынан жалпақ саусақтарымен мықтап ұстайды да бақаны аспанға алып көтеріледі. Аспанда құстай самғап бара жатқан бақаның көңілі өседі, жердегі бақалардан өзін зор әрі бақытты санайды, бұл қылығына масаттанады.

Осылайша аспанда қалқып келе жатқанда, мұны көрген жердегі адамдар көкке қадала қарасып, таңдай қағысады.

– Ананы қараңдар, анау не? – десіп сұрасады бірінен - бірі.

Біреулер:

– Қанатты бақа! – дейді дауыстап. Біреулер:

– Бақа емес, басқа бірдеңе, – дейді таласып.

Жұрттың айқай - шуы, талас - дауы құлағына жеткен бақаның кеудесін мақтаныш кернеп: «Бұл елге аты - жөнімді айтпай кеткенім болмас», – деп ойлап, таңырқап тұрғандарға:

– Мен бақамын!.. – деп айқайлап, аузын ашқан заматта шыбықтан ажырап, жерге қарай құлдырай жөнеліпті. Тастай шыр айналып, зулай беріпті. Екі қаз соңынан жетіп ұстай алмай қалыпты. Сол бетімен далбалақтап келіп, тақыр жерге тарс ете түсіп, мылжа - мылжасы шығыпты.

Екі қаз:

– Ақымаққа істеген жақсылығың желге ұшқан тозаңмен тең екен ғой, – деп, әрі қарай самғап кете барыпты.

4,4(25 оценок)
Ответ:
olgahenderson
olgahenderson
21.05.2023

Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. дүниеге келтіріп бар махаббатын мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан табиғат ол аяулы Ана! Табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі.Біз бар күшімізбен табиғатты қорғауымыз қажет. Табиғатқа өнеркәсіп салалары зиян келтіреді. Айналаға көп ағаш отырғызып, отткті кобейтуге болады. 

4,4(15 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ