М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Tapty
Tapty
17.06.2020 12:22 •  Қазақ тiлi

Денсаулық – адамға бір-ақ рет берілетін табиғат тартуы. Алайда ол мәңгілікке берілмейді. Оны сақтау үшін ауырмай тұрып, іс-әрекет жасау керек. Оған нақты білім, ынта-ықылас, ерік-жігер қажет, онсыз денсаулықты ұзақ сақтау қиын.

Қазіргі кезде Қазақстан халқының, оның ішінде жастардың денсаулығы төмен деңгейде. Тек бір көрсеткіш – әскер қатарына шақырылған жастардың 50%-ы дене дайындықтарының нашар дамуына және денсаулықтарына байланысты қорғаныс күштерінің қатарында қызмет атқаруға жарамсыз. Бұл қауіпті жағдай Қазақстан үкіметін, әскери ұжымдарды, педагогтерді, дәрігерлерді, ғалымдарды шындап толғандыруда.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының деректері бойынша, денсаулыққа әсер ететін факторлардың 50-60%-ы өмір тіршілігіне, 20%-ы – тұқым қуалаушылыққа, 20%-ы – сыртқы ортаның жағдайына, 8-10%-ы – дәрігерлік көмектің деңгейіне байланысты. Бұл деректер денсаулық үшін күрестің негізгі бағыты – салауатты өмір салтын қалыптастыруға, оны насихаттауға бағытталған шаралар екенін дәлелдейді. Жастардың денсаулығының нашар болуы немен байланысты?

Ғаламтордың зияны туралы әлем ғалымдары дабыл қағуда. Біріншіден, мониторға ұзақ уақыт қараудың салдарынан адамның көз жанары құрғап, көру қабілеті нашарлайды. Сіресіп отырғандықтан омыртқа зақымданып, скалиоз, кифоз ауруларына шалдығады. Қимыл-қозғалыс азайғандықтан, қан айналымы нашарлайды, семіздік пайда болады. Жаңа технологиялар адамның жасушаларына қауіп төндіріп, қатерлі ісік ауруының туындауына себеп болады.

Еліміздің нарығында «Дизи», «Редбул», «Монстер» секілді энергетикалық сусындар ашықтан-ашық сатылуда. Жастар осы бір «сиқырлы сусынға» әуестеніп алған, себебі оның жарнамасы керемет. Ұйқыны ашып, күш беріп, сергек жүруге көмектесетін сусын, әсіресе, балалардың ағзасына өте зиянды. Оған дәлел энергетикалық сусындарды жиі пайдаланатын мектеп жасындағы балаларды тексергенде, олардың бауыры 35 жастағы маскүнемнің бауырымен бірдей болатындығы анықталды. Бұл улағыш сұйықтықты балалар көп ішсе, жастайынан түрлі ауруларға шалдығады екен. Жүрек дертіне, жүйке жүйесі, асқазан, бауыр, тіпті қатерлі ісікке апаратын мұндай сусындарды пайдаланбаған жөн.

1 тапсырма

Денсаулық сақтау үшін не істеу керек? 4 дұрыс жауапты анықтаңыз.

А)қимыл-қозғалысты азайту

В)ауырмай тұрып, іс-әрекет жасау

С)энергетикалық сусындарға әуестену

Д)нақты білім, ынта-ықылас, ерік-жігерді нығайту

Е)ғаламторда ұзақ отыру

Ж)өмір тіршілікті жақсарту

З)салауатты өмір салтын қалыптастыру

И)дене дайындықтарын дамытпау

👇
Ответ:
pinjan2004
pinjan2004
17.06.2020

ответ:1)в,д,ж,з

Объяснение:

4,5(47 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
denisgulinskii
denisgulinskii
17.06.2020

"Компьютермен жұмыс жасау зиян" тақырыбында диалог.

- Сәлем, Әсем!

- Сәлем, Болат! Қалайсың?

- Жақсымын, сен ше?

- Менде де бәрі жақсы, достым. Бүгін тағы компьютерлік ойындар ойнаймыз ба?

- Жоқ, одан да саябаққа барып ойнайық.

- Неге?

- Біз бүгін информатика сабағында компьютердің зияны туралы өттік. Компьютерде шамадан көп отырсаң, денсаулығыңа, ойлау жүйеңе зиян келтіреді. Білесің бе, Әсем, әр 20 мин сайын көзге жаттығулар жасау керек. Монитор мен адамның арақашықтығы да сақталуы керек екен. Біз тіпті дұрыс отырмайды екенбіз ғой.

- Мәссаған! Жарайды, онда түсте саябақта кездесейік.

- Жарайды, кездескенше!

Қаратпа сөздер: Әсем, Болат, достым.

4,5(80 оценок)
Ответ:
rishik65
rishik65
17.06.2020

Президент болғым келеді

Біздің еліміз жыл сайын 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш президент күнін атап өтеді. Өйткені 1991 жылы 1 желтоқсанда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ҚР президенті болып сайланды. Бұл сайлауға бүкіл халық қатысты.

Н. Назарбаев жетекшілігімен Қазақстан тәуелсіз ел болды. Халық оған «Елбасы» деген атақ берді.

Тұңғыш Президент күні халықтың елбасына деген сый құрметі мен сенімін білдіреді.

Қазақстан Республикасының өзіндік рәміздері бар. ҚР Президентінің омырауға тағатын белгісі, байрағы бар. Ол оларды өзімен бірге шет елге шыққанда алып жүреді.

ҚР Президентінің мемлекеттік наградалары бар: Алтын Қыран ордені, Халық қаһарманы атағы, Қазақстанның Еңбек Ері атағы бар. Мен өз елімнің Президентін мақтан етемін Менің президентім дана адам. Сол кісіні бағалап, еңбектерінен үлгі аламын. Өскенде менде елге қамқор болғым келеді.

Егер мен президент болсам туған еліме, байтақ жеріме, халқыма, ата әжеме, әке шешеме, бауырларыма тек қана бейбітшілік сыйлар едім. Бейбітшілік болса, барлық жерде бақыт орнап, тыныштық болады. Яғни президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз сияқты ақылды, дарынды, төзімді боламын.

Мен ауылда атам мен әжеммен тұрамын. Ауылдардың жағдайларын біліп өз көзіммен көріп келемін. Ауылда жарықтың өшпеуін, судың тоқтамауын қадағалап, малдардың шөпсіз қалмауын қарап, ауылды өркендетер едім. Мектептерде балалардың жақсы оқып, тек қана 4-5 ке оқу үшін жағдай жасаушы едім. Мектептерге интерактивті тақталар, ноутбуктар, планшеттер, жаңа жиһаздар, музыкалық магнитофонмен микрофондар алып берер едім. Жақсы оқыған бала, болашақта жақсы маман болады. Елімізді көркейтеді. Маман ретінде олар болашақта елімізде түрлі зауыттар мен фабрикалар ашып, түрлендіреді. Тағы да елімізді көркейту үшін ағаштар мен гүлдер отырғызар едім.

Атам маған әрқашан егер атынды елге танытқын келсе, алма ағашын өсір дейтін. Сондықтан қаншама көп ағаш отырғызып, мен елге танымал болғым келеді. Өскенде еліміздің танымал жұлдызы боламын. Президент сияқты әнші, домбырашы, елімнің қамын ойлаймын. Сондықтан мен мектепті жақсы оқып жатырмын. Мектепті жақсы оқып аяқтаған соң консерваторияға оқуға түсемін. Мен әрине жақсы оқысам, атым елге танымал болады. Бар өнерімді еліме арнап, жарық жұлдыз болуға талпынамын. Өзімді оқытып жатқан ұстаздарыма көп рахмет айтамын. Өйткені ол кісілер маған ерінбей білім береді. Ұстаздарым мен ата анамның, елімнің арманы болашақта жүзеге асырамын деп уәде беремін.

4,5(94 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ