составить диалог Жағдаят. «Қазақ ұлттық аспаптар мұражайы» қызметкері мен мұражайға келуші арасында өрбіген диалогты құрастыру.
Дәріс материалы
Бір ғана тиянақты ойды білдіретін жеке сөйлемді жай сөйлем дейміз . Жай сөйлем жалаң және жайылма болып екіге бөлінеді. Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейміз. Санжар оқыды. Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз. Санжар - кітапты оқыды.
Сүйінші сұрау
Қазақ халқында қуанышты сәттерде сұралатын және берілетін кәде-сыйлардың түрі өте көп. Соның біреуі – сүйінші сұрау. Сүйінші – жақсылықтың белгісі. Сүйінші сұрау дегеніміз – қуанышты хабарды жеткізушінің сұрайтын сыйы. Әдетте жақсы хабарды жеткізуші «сүйінші, сүйінші» деп дауыстап, ал жаңалықты есту үшін үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Сүйінші ретінде ақша, бағалы зат немесе сұраушының қалаған заты беріледі. Бұл жақсылықты жақындармен бөлісіп, қуанышқа ортақтасу мақсатында қалыптасқан жөн – жоралғы. Бүгінгі күнге дейін сақталған.