Нұрпейісовтың шығармалары(в каком году написано произведение)
-1950ж-
1958ж-
1961ж,1964ж,1970ж.-
1972ж-
1983ж-
1985ж-
1999ж-
2. Берілген тест сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Әбдіжәміл Нұрпейісов туған жылы
А. 1924 жылы
Ә. 1934 жылы
Б. 1946 жылы
2. Әбдіжәміл Нұрпейісов туған жері
А. Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Әуелбек ауылы
Ә. Қызылорда облысы Абай ауданында Балықшы ауылы
Б. Қызылорда облысының Арал ауданында Құланды ауылы
3. Әбдіжәміл Нұрпейісов білім алған ошағы
А. Алматыдағы Әл Фараби атындағы университеті
Ә. Мәскеудегі М.Горький атындағы әдебиет институты
Б. Мәскеудегі М.Горький атындағы тіл мен өнер институты
4. Тұңғыш шығармасы
А. «Курляндия» романы
Ә. «Соңғы парыз» романы
Б. «Қан мен тер» романы
5. «Соңғы парыз» романының тақырыбы
А. А.П.Чехов, М.Горький, Н.Хикмет, А.Кэссон
Ә. А.С.Пушкин, М.Горький, Н.Хикмет, А.Кэссон
Б. А.П.Чехов, М.Горький, Н.Хикмет, Д.Лондон
6. «Қан мен тер» неше романнан тұрады?
А. 2
Ә. 3
Б.1
7. «Қан мен тер» аудармасы
А. «Сумерки и мытарства»
Ә. «Крушение и борьба»
Б. «Кровь и пот»
8. «Қан мен тер» ненің символы?
А. Соғыс пен қиындық
Ә. Өмір үшін күрес пен қиындық
Б. Өмір үшін күрес пен махаббат
9. Трилогияның негізгі кейіпкерлері
А. Нәзира, Света, партизандар
Ә. Еламан, Ақбала, Ахмет
Б. Еламан, Ақбала, Тәңірберген
10. «Қан мен тер» трилогиясында не суреттелген?
А. Ұлы Отан соғысының зардаптары суреттелген
Ә. Халқымыздың Қазан төңкерісіне дейінгі, кейінгі тыныс-тіршілігі, Азамат соғысының зардаптары, Кеңес үкіметінің орнауы, тарихи бетбұрыстар кезіндегі адамдар арасындағы қарым-қатынастар кеңінен суреттелген
Б. Трилогияда халқымыздың тәуелсіздік жолындағы күрес суреттелген.
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Кұйрығымен шылпылдап,
Арасында кұлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.
Қыз-келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап,
Ақ білегін сыбанып,
Әзілдесіп сыңқылдап.
Мал ішінен айналып,
Көңілі жақсы жайланып,
Бай да келер ауылға,
Аяңшылы жылпылдап;
Сабадан қымыз құйдырып,
Ортасына қойдырып,
Жасы үлкендер бір бөлек
Кеңесіп, күліп сылқылдап.
Жалшы алдаған жас бала,
Жағалайды шешесін
Ет әпер деп қыңқылдап.
Көлеңке қылып басына,
Кілем төсеп астына,
Салтанатты байлардың
Самаурыны бұрқылдап.
Білімділер сөз айтса,
Бәйгі атындай аңқылдап,
Өзгелер басын изейді,
Әрине деп мақұлдап.
Ақ көйлекті, таяқты
Ақсақал шығар бір шеттен
Малыңды әрі қайтар деп,
Малшыларға қаңқылдап.
Бай байғұсым десін деп,
Шақырып қымыз берсін деп,
Жарамсақсып, жалпылдап.
Шапандарын белсенген,
Асау мініп теңселген
Жылқышылар кеп тұрса,
Таңертеңнен салпылдап.
Мылтық атқан, құс салған
Жас бозбала бір бөлек
Су жағалап қутыңдап.
Қайырып салған көк құсы
Көтеріле бергенде,
Қаз сыпырса жарқылдап.
Өткен күннің бәрі ұмыт,
Қолдан келер қайрат жок,
Бағанағы байғұс шал
Ауылда тұрып күледі,
Қошемет қылып қарқылдап.
Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.
Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,
Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.
Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.
Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!
Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.