М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
andreymarshev0p0b1aa
andreymarshev0p0b1aa
14.11.2020 15:37 •  Қазақ тiлi

Дананың сөзі ақылдың көзі эссе слов),Синтаксический и морфологический анализ одного и того же эссе

👇
Ответ:
karinaalisa
karinaalisa
14.11.2020

Даналар сөзі – ақылдың көзі.

Сөздің қазақ халқының өмірінде алар орны зор.Ежелден-ақ халқымыз аталы сөзге тоқтай білген.Сөзбен қуанышқа бөленді,сөздің кесірінен зардап шекті.Сөз халқымызға шешілмес дауды шешіп берді.Ол тіпті жауға қарсы тұрар қару да болды.Ия,олай болса халқымыз сөзді тәрбие құралы санауы да сөзсіз еді.

Дана халқымыздан бізге,бүгінгі күнге жеткен даналық сөздері де аз емес.Даналық сөздер деген кезде менің ойыма бірден мақал-мәтелдер келеді.Сонан соң бата-тілектер,шешендік сөздер,нақыл сөздер,тыйым сөздер,тұрақты сөз тіркестері бар.Мұның бәрін бір сөзбен «аталар сөзі», «халық даналығы» деп жинақтап айтқан жөн секілді.Бұл сөздердің барлығында үлкен мән-мағына жатырғандығын ұмытпаған жөн.Себебі,олар белгілі бір тарихи кезеңде не болмаса айтулы,сабақ болар оқиға үстінде шығарылған."Отыз тістен шыққан сөз,отыз руға тарайды" дегендей,қазіргі таңда сонау замандағы аталар сөзіне тең келер еш нәрсе жоқ.Сол сөздердің ішінен мен шешендік сөзге айрықша тоқталып өткім келеді.Шешендік сөздер – тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні,қоғам өміріне табиғат құбылыстарына байланысты терең ой,бейнелі шебер тілмен айтылған халық шығармасы,тапқырлық сөздер.Мысалы, Кетбұға Абыз бір сөзінде:

...Аяқ-қолдың қадірін

Ақсағанда білерсің.

Отыз тістің қадірін

Қақсағанда білерсің.

Қызыл тілдің қадірін

Тоқтағанда білерсің.

Білгеніңді сөйлеп қал,

Білгендерден ғибрат ал!-депті.Бұл сөз бізге әр нәрсені қанағат тұтуға,не жағдай болмасын орнына қойып,саралауға үйретеді.

Осындай дара да дана ата-бабамыз айтып кеткен ұлы сөздерді ұмыттырмай,келешекке мүлтіксіз таза күйінде жеткізсек деймін.

4,4(85 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
anghelina1
anghelina1
14.11.2020
Менің бос уақытымда ойнайтын ойыным ол – теннис. Мен теннисті ұнатамын және кортта ойнаймын. Кейде көрші достарыммен де ойнаймын.

Теннис өте қызық ойын. Теннис денсаулыққа аса пайдалы ойын. Мұның себебі, ойында жүгіріп, секіресің және жылдам боласың. Сонымен қатар, қатты қозғаласың және далада ойнағандықтан шынығасың. Сондықтан бұл денсаулыққа аса пайдалы ойын саналады. Мен бос уақытым тенниспен өткені үшін қуанамын. Барлық алаларға интернетпен ойнамай спортпен шұғылдану керек. Мен болашақта тенниспен айналысып атақты спортшы болмауым мүмкін. Мен тенниске денсаулық және спорт үшін жаттығамын. Басқа балаларды спортпен айналысуға шақырамын.
4,7(13 оценок)
Ответ:
Missxart
Missxart
14.11.2020

Автор адамдар жас кезінде жүрегін тыңдап жүрген дейді. Жас кезінде адам әлі көп көрмеген, тағдыры дайындап қойған сынақтан өтпеген, ойына ақыл кірмеген. Жалпы айтқанда көзімен көргеннің, құлағымен естігеннің бәріне сене берген. Ал осының нәтижесінде оны көзі де, құлағы да, тіпті жүрегі сатып кетті. Ержеткен соң, ақыл кіріп, күш енгенде енді болғанның қайталауыннан қорықып, адамдар былай тұрсын, өзіне де сенбей қалады.

Менің ойымша, адам мейлі жас болса да, ержеткен болса да ешкімге сенбеуі керек. Қазіргі кезде адамдарға сену тіпті қауіпті болып кетеді. Ия, кейбір кезде өз көзіңмен көргеніне, өз құлағыңмен естігеніне де сенбеуге мәжбүр боласың. Бірақ жүрек ешқашан алдамайды ғой!? Егер де жүректі тыңдай білсең дұрыс жолда қаласың деп ойлаймын. Сонда кімге сенуге болады? Жүрек ме? Адамдарға ма? Дегенмен бұл жерде адам не таңдаса өзі біледі.

4,7(50 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ