Сабақтастарды ажырат
Ол келсе, сабақ аяқталыпты.
Кең болсаң, кем болмассың.
Барып құлақ салсақ та, ешбір дыбыс естілмейді.
Арман оқысам деп, қалаға келді.
Таң алдында бір сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді.
Үйдегілер тысқа шықса, таң аппақ боп атқан екен.
Білмегенін білсем деп, оқушылар ынтығар.
Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме.
Сөз жүйесін тапса, мал иесін табар.
1. Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
2. Өз елім, өлең төсегім.
3. Мал қонысын іздейді,
Ер жігіт туысын іздейді.
4. Ел-елдің барі жақсы,
Өз елің барінен жақсы.
5. Іргесі берік елді
Жау ала алмас,
Ауызы бір елді
Дау ала алмас.
6. Сұңқар киясын сағынады,
Торғай ұясын сағынады.
7. Ұлтарақтай болса да
Ата қонысы жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да
Туып өскен ел қымбат.
8. Жат елдің жақсысы болғанша,
Өз еліңнің сақшысы бол.
9. Есі бар жігіт елін табар,
Есі жоқ жігіт жаттың отын жағар.