тест решить 1. Жіңішке дауысты дыбысты көрсетіңіз. А) ы В) а С) о Д) ә 2. Дауысты дыбыстардың жақтың қатысына қарай жіктелетін түрлерін көрсетіңіз. А) жуан, жіңішке В) еріндік, езулік С) ұяң, қатаң Д) ашық, қысаң 3. Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең. Үзіндінің авторын табыңыз. A) A.Құнанбаев. B) Aқан сері. C) A.Байтұрсынов. D) Ы.Aлтынсарин. 4. Ғарыш айлағы деген не? А) зымырандар ұшырылатын аумақ В) ойың-сауық орталығы С) қонақ үйі Д) ғарышкерлер демалатын жер 5. «Бесікке салу» дегеніміз не? А) салт — дәстүр В) тұрақты тіркес С) ұлттық ойын Д) ойын 6. Мақалды жалғастыр. Он үште ... . А) отау иесі В) сыншы С) патша жасы Д) кәмелеттік жасы 7. Неологизм сөздер А) Рабфак, ояз В)Азанда, сым С) Қолы алтын Д) Ұшақ, зейнетақы 8. «Шоқан Уәлиханов» портретінің авторын табыңыз. А) Н.Хлудов. В)Сабыр Мәнбаев. С) Қанапия Телжанов. Д) Ә. Қастеев 9. Ғылым академиясының тұңғыш президентін белгілеңіз. А) Ахмет Байтұрсынов. В) Нұрғиса Тілендиев. С) Қаныш Сәтпаев. Д) Тұрар Рысқұлыв. 10. Орта жүздің биін табыңыз. А) Малайсары В) Төле би С) Әйтеке би Д) Қазыбек би 11. Антоним сөздерді көрсетіңіз. А) Мектеп, сабақ. В) Асхана, мұражай. С) Таза, кір. Д) Салт, дәстүр. 12. Ауыспалы келер шақта тұрған етістікті табыңыз. А) Келдім. В) Алдың. С) Отырмын. Д) Келемін. . 13. Тұйық етістікті анықтаңыз. А) Тату . В) Қуану. С) Сұлу. Д) Сау. 14. Керек жалғауды таңдаңыз: Сен... досың. А) –де. В) –мен. С) –ім. Д) –ің. 15. Шығыс септігіндегі сөзді табыңыз. А) Әншіден. В) Орындаушымен. С) Мұғалімнің. Д) Малшыға. 16. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз. А) Көптеу. В) Әшекейлер. С) Кептер. Д) Шығын . 17. Отбасы тақырыбына жатпайтын сөздер. А) Әке. В) Апа. С) Қол. Д) Қарындас. 18. Медицина атасы кім? А) Герадот. В) Ломоносов. С) Гиппократ. Д) Аристотель. 19. Сөйлемді аяқтаңыз. «Сәлем — ... .» А) — айту». В) — Ассалаумағалейкум » С) — сөздің анасы» Д) —танысу» 20. Тиісті жалғауларды қойыңыз. 1465 жыл... күзінде Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалар... Шу өңіріне келіп қоныстанды А) -ға, -мен В) -дың, -ды С) -дың, -мен Д) – мен, - дың 21. Шоқанның балалық шағы қайда өтті? А) Атырауда В) Семейде С) Сырымбетте Д) Қостанайда 22. Ашық ғарышта жұмыс істеген тұңғыш қазақстандық ғарышкер? А) Айдын Айымбетов В) Тоқтар Әубәкіров С) Талғат Мұсабаев Д) Дұрыс жауап жоқ 23. Синоним сөздердің тізбесін көрсетіңіз. А) Ат, есім. В) Адал, арам, азат. С) Жетім, жесір, жігіт. Д) Ту, жалау, елтаңба 24. Толықтырыңыз: «Менің отбасым ... тұрады» А) Бауырмал. В) Тату-тәтті. С) Үлкен. Д) Ақылды. 25. Мақалды толықтырыңыз. Ғалыммен жақын болсаң, қолың жетер, залыммен жақын болсаң ... кетер. А) Басың В) Жолың С) Жүрегің Д) Гүлің
«Алтын сақа» - бұл мұражай-қорықтың Балалар көркем-ойын кешенінде ұйымдастырған экспозициясы. Экспозицияда бала қиялының әлемі, әртүрлі елдер мен халықтардың ертегілерінен бізге жеткен кейіпкерлердің әлемі назарға ұсынылған. Экспозиция қаланың жасөспірім көрермендеріне, сондай-ақ ересек тұрғындары мен қонақтарына авторлық қуыршақтар мен ойыншықтардың ерекше және әртүрлі әлемін қызықтауға, өнердің осы түрінің адамға беретін өзіндік бір ғажайып та жағымды әсерін сезінуге мүмкіндік береді.
Экспозицияда қуыршақтар – аңыздар мен ертегілердің кейіпкерлері, түрлі ертегілік жанрлардың: жануарлар туралы ертегілердің, тұрмыстық, сиқырлық, сатиралық ертегілердің қаһармандары назарға ұсынылған.Алтын сақаның бас қаһарманы, идеялық нысанасы - халықтың арман-мұраты. Мұнда да халықтың аңсары ертегінің басты арқауы. Қазақ ертегілерінің бас қаһармандары аңшы-мерген, жауынгер-батыр, кенже бала, тазша бала, жалғыз бала және басқа әлеуметтік теңсіздіктегі бұқара өкілі. Бұлардың бәрі - халық арманынан әр кезде туған идеал кейіпкерлер. «Алтын сақадағы» бала сондай кейіпкер. Онда классикалық батырлық ертегіге тән белгілердің бәрі бар. Бала жұртта қалып қойған алтын сақасын алып келуге барып, жалмауыз кемпірге кез болған бала кемпірдің алдағанына сенбей, сақасын ат үстінен іліп алып, қаша жөнеледі. Мыстан кемпір тұра қуады. Осымен оқиға шиеленісе түседі. Бұл ертегіде де сайыста кейіпкер өз күшімен емес, керемет достарының арқасында жеңуі - батырлықтан гөрі қиял-ғажайып ертегінің заңдылықтарына жақындау.
Қазақ балалар ертегілерінің басты ерекшелігі есте жоқ ерте заманда туып, ежелгі дәуір құбылыстарын сақтап келсе де, олардың бәрі біріншіден, халқымыздың тұрмысын, салтын бейнелейді, күнделікті өмірін көрсетеді. Әрине, өмір шындығын қиял-ғажайып ертегілер тікелей, сол қалпында емес, эстетикалық тұрғыда бейнелейді. Өмірдегі тартыстар, болмыс-көріністер, әдет-ғұрып бәрі де халықтың эстетикалық рухына сай түзіледі. Екіншіден, ертегілердің бәрі дерлік бас кейіпкерлерін қиын да күрделі, азапты да аянышты кешулерге сала отырып, балаларды ерлікке, отансүйгіштікке баулиды. Мәселен, «Алтын сақада» сол сақасын алуға барған баланың ерлігінің арқасында оның ата-анасы ғана емес, тұтас туған елі жалмауыз кемпірдің қорлық-зорлығынан азат болады.