Спортпен айналысу-денің сау болады.
Блог жүргізу-қызықты деректерді жинайсың.
Тоқыма тоқу-көңіл күйің көтеріледі.
Гүл өсіру-таза ауамен демаласың.
3 тапсырма
Диаграмма
Қолөнер, Спорт , Тоқыма ,Гүл өсіру, Коллекция жинау
4 тапсырма
Уақыт әрбір адамға берілген керемет сый. Әр адам өз уақытын дұрыс пайдалана білуі керек.Өйткені уақыт ақшамен тең тіпті одан 1000 есе қымбат.Уақытты дұрыс жаққа пайдалана білу керек. Мысалы өз-өзін дамытатын кітаптар оқу, пайдалы фильмдер көру деген сияқты.
Жәнеде уақытты отбасымен өткізген дұрыс. Таза ауада, саябақта, тауға шығуға болады.Және уақытты дұрыс пайдаланудың тағы бір жолы спортпен шұғылдану. Спортпен шұғылданған адамның денсаулығы мықты өмір жасы ұзақ болады.
Қысқаша айтқанда әр бір минутымызды текке кетірмеуіміз керек
Қазақстанның археологиялық ескерткіштері
1. Алаш хан кесенесі - Қазақ даласы осы өлкенің тарихын жасаған көптеген көшпелі халықтарды еске алады. X ғасырда Ұлытау тау жотасының жанында одақ құрған оғыз және қыпшақ тайпалары қоныстанды. Олардың көсемі әрі билеушісі Алаш хан болды
2. Домбауыл - Бұл Қарағанды жерінде орналасқан ең көне кесенелердің бірі. Оның құрылысы VIII–IX ғасырларға жатады.
3. Қарахан Кесенесі - Мұнда Сіз Қараханидтер әулетінің тарихына қол тигізе аласыз, тіпті оның өкілдерінің бірі Шах Махмуд Бугра Қараханның қабіріне барасыз. Бұл жерлерді исламдандырудың басталуы онымен байланысты.
Тәуелсіз республикамыз санаулы жылдарда өзара татулық, ынтымақ пен бірліктің арқасында орасан табыстарға қол жеткізіп, демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет орнатып қана қоймай, әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысында достастық елдері арасында көш бастады. Оны бүкіл өркениетті елдер мойындап отыр. Еліміздің осындай өркендеу жолына түсуіне қазіргі қолданыстағы Конституция жасаған ықпал өте зор. Барлық заңдардың бастауы, қайнар көзі болып саналатын Ата Заңымыздың әлеуеті әлі де мол. Бұл туралы Алматы облысы прокурорының орынбасары, аға әділет кеңесшісі Марат Шайхсламұлы Әбдірахманов жан-жақты әңгімелейді.
- Қазір республикамыздың қол жеткен табыстарына бүкіл Орта Азия мемлекеттері қызыға қарауда. Өркениетті елдердің барлығы да Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінен басқалардан көш ілгері кеткенін ашық мойындап отыр.
Бүгінге дейінгі табыстарымыздың барлығы осы Конституцияның арқасы. Өйткені, Конституцияны басқа барлық заңдардың атасы деуге болады. Қандай мемлекетте болсын әрбір адамның еркін, тең, азат, бақытты өмір сүруі үшін соны қамтамасыз ететін, іс-әрекеттерін, құқықтарын айқындайтын, мүдделерін, меншіктерін қорғайтын көптеген заңдар қабылданады. Бізде де солай. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, 1993 жылы 28 қаңтарда тұңғыш Конституциясын қабылдады. Бұл – республика тарихында болған аса ерекше оқиға еді. Осы Ата Заң аясында демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру үшін әр салаға қатысты көптеген заңдар қабылданды.
Өмір бір орында тұрмайды. Бәріне уақыт төреші. Реформа тереңдеген сайын кейбір қабылданған заңдарымызды қайта өзгертуге тура келеді. Мұның барлығы Қазақстан халқының жақсы өмір сүруі үшін жасалған және алда да жалғасын табатын игілікті қадамдар.
Кейіннен, яғни бүкілхалықтық референдум арқылы 1995 жылғы 30 тамызда бүгінгі Конституциямызды қабылдадық. Елбасы Жолдауында айтылғандай, бұл Ата Заң елімізді қомақты табыстарға қол жеткізуге бастады.
Жамбыл атамыз баяғыда тұңғыш Конституция қабылданғанда:
Масатыдай түрленіп,
Отанымды гүлдентті.
Бесіктегі баламды
Ана болып тербетті.
Тоқсандағы шалыңды
Шарықтатып көңілін,
Көкке құлаш серметті.
Қанат берді халқыма
Әуелетті, өрлетті.
Ағытылған өзендей
Сарқыратты еңбекті, – деп қуанған екен.