Бассейнде.
Бүгін сейсенбі, демек менің бассейнге баратын күнім. Жаз басталғалы бері анам мені жаттығу әрі үйрену мақсатымен қаламыздағы бассейнге жазып қойған болатын. Міне, содан бері екі жарым айдай уақыт өте шығыпты. Бассейнге жазылмас бұрын дәрігердің тексерісінен өтіп, бірнеше анықтама жинаған болатынмын.
Қазір өзім де байқап жүргенім өзімді жақсы сезініп, денем шымыр болған секілді. Бассейнде жүзу адамның күллі ағзасы мен дене мүшелеріне пайдасы орасан зор. Қазір бассейннің тереі емес жерінде жаттықтырушының қадағалауымен аздап жүзіп жүрмін. Бұл жерде өзіммен бірге жазылған балалармен де достасып үлгердім. Алдағы уақытта жүзудің бірнеше түрлерін меңгеріп, тіпті жарыстарға да қатысуды армандаймын.
Бүгінде Республика халқының саны – 16 196 800 адам. Сондай-ақ елімізде 140 түрлі өзге ұлт бар. ҚР Статистика агенттiгiнiң мәліметіне қарағанда, Қазақстан халқының ішінде қазақ ұлтының үлесi 63,6 пайызды, орыстар – 23,3, өзбектер – 2,9, украиндер – 2, ұйғырлар – 1,4, татарлар – 1,2, немiстер – 1,1, басқа ұлыстар 4,5 пайызды құрады. Сондай-ақ Қазақстанда кейбір ұлттардың аз ғана өкілі өмір сүріп жатыр. Мәселен, олардың қатарына саха, мордва, болгар, ғағауыз сынды ұлттарды жатқызуға болады. Бұл ұлт өкілдері бүгінде жер иесі – қазақтармен тату-тәтті, бірлікте және жарасымды тіршілік кешуде
Қазақ халқының бүгінгі мәдениеті мен дүниетанымын тереңі-нен әрі жан-жақты түсіну үшін оның қайнарларын халқымыздың архетиптік санасындағы іздерінен іздеу яғни түріктер мен арғы-қазақ мифологиясынан бастап, ілкі түркілер мен ежелгі қазақ-тардың дәстүрлі мәдениетінен табу керек. Қазақ халқының дүние-танымы мен дәстүрлі мәдениетінің рухани тамырлары мен бастау көздері ежелгі сақ, ғұн және ортағасырлық түркі мәдениетінде екенін отандық зерттеушілер бүгінгі күні дәлелдеп, түйіндей тү-суде.