Отбасы — бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.
Объяснение:
Менің отбасым
Менің отбасымда (.) адам бар.Ол (.).Біз бақытты өмір сүреміз.Бірі бірімізге түсінішпелікпен қарап,көмектесуге әрдайым дайынбыз.Отбасыңнан қатты сені жақсы көретін адам жоқ.Мені өз отбасым қолдап көмектеседі.Менде өз отбасымды қатты жақсы көремін.Біз бірлесіп әп күні біргеміз.Мен осындай отбасы барына қанағатпын.
P;s: (.)-дегенге өз отбасы туралы жазасыз
Қыпшақ Сейітқұл Маманұлы (18 ғасырдың 70-жылдары, Сыр бойы — 19 ғасырдың 30-жылдары, қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Қарабидайық мекені) — есімі аңызға айналған егінші. Орта жүздегі бес таңбалы қыпшақтың торы бірлестігінен тарайтын жеті арыс қитаба руынан шыққан. Сыр бойындағы иеліктері егін шаруашылығына тарлық ете бастаған соң Торғай өңіріне келіп, Қабырға өзені бойындағы Қарақоға деген жерге тұрақтаған. Өзен жағалауына шығыр орнатып, аяқ егін, атпа егін әдістерін пайдаланып, өзеннен арықтар тартып, бөгендер салып, суармалы егіншілікті қолға алған. Диқанның бұл еңбегі жемісті болып, 5 — 6 жылдың ішінде алғаш келіп қоныстанған 12 үй 400-ге жеткен. Қыпшақ Сейітқұлдың аса шығымды ақ тарысының тұқымы кейін бүкіл Торғай, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Қарқаралы өңірлеріне тарады. Диқанның барымташылардан сақтану үшін тұрғызған дуалы мен су тартқан арықтарының қалдықтары Көкалаат, Қызылоба, Қарақоға деген алқаптарда әлі күнге дейін сақталған. Қыпшақ Сейітқұл асқан шебер, сөзге шешен адам болған. Мұраптың егіншілік дәстүрін халық арасына кең таратып, насихаттау үшін ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин “Қыпшақ Сейітқұл” деген әңгіме жазып, оқулығына енгізген.
Лиро-эпостық жырлар немесе ғашықтық жырлар — оқиға желісі бірін-бірі құлай сүйген екі жас арасындағы махаббатқа құрылған лирикалық әрі эпикалық шығарма. Көпшілігінің оқиғасы сүйгеніне қосылуды аңсаған, жастарға ескі салт-сана қарсы тұрып, мерт қылумен аяқталады.
Лиро-эпостық жырларларда халықтың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, көңіл-күйі көбірек суреттеледі. Оларда реалистік және романтикалық көріністер сабақтаса келіп, реалистік әдіс басым жатады. лиро-эпостық жырларда кейіпкерлер батырлар емес, карапайым адамдар. Екі жастың бір-біріне деген сүйіспешілігін жырлайтын эпостарда, негізінен, махаббат отына жанған қыз бен жігіттің қосыла алмай, трагедияға ұшыраған тағдыры баяндалады. Әдетте, олардың бақытына кедергі болатын нәрсе ата-аналардың қарсылығы немесе қызға ғашық басқа жігіттің жауыздығы, иә болмаса екі рудың араздығы болып көрсетіледі.
Ғашықтық жырлар көркем фольклордың даму барысында батырлық эпостан кештеу қалыптасқан, бірақ бұл қаһармандық жыр мүлде өшіп, оның орнына романдық эпос келді деген сөз емес. Эпостың бұл екі түрі көп уақыт бірге , бір-бірімен байланыса, қатарласа дамыған. Ұқсастықтары да аз емес. Олардың жалпы поэтикалық сипаты ұқсас. Айталық, сюжеттік құрылымдардың бір типті болып келуі, образдар жүйесіндегі біркелкілік, өлең құрылысы мен бейнелеуіш құралдардың біртектілігі секілді белгілер эпостың екі түрінде де кездеседі. Ғашыктык жырлар көп вариантты болып келеді Оның себебі көп замандар бүл жырлар ауыздан-ауызға тарап, біреуден біреу жаттап алу арқылы кейінгі ұрпаққа жетіп баспаға ілікке
Объяснение: интернетте тұр))