Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек... Бұл сөздерді президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында айтады. Сонымен қатар, ол: «Орыс тіліне және кириллицаға біз қазақ тіліне қандай қамқорлықпен қарасақ, сондай қамқорлықпен қарауымыз керек. Орыс тілін білу - біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршаға белгілі. Дәл осы орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымдары мен араласатын ортасын кеңейтіп келе жатқанын жоққа шығармауға тиіспіз. Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады» - дейді. Расында, ағылшын тілін білген адам шексіз мүмкіншіліктерге ие болады.
Ағылшын тілі әлемдегі ең кең тараған тіл. Шамамен бұл тілде жер бетінде бір миллиардтан астам адам сөйлей алады. Әлемдегі экономикасы дамыған мемлекеттер - Ұлыбритания мен АҚШ-тың мемлекеттік тілі. Сонымен қатар, ондаған мемлекеттердің ресми тілі. Дүниедегі барлық аударма шығармалардың, ақпараттардың 33%-ы ағылшын тілінен аударылса, 15 % – француз тілінен, ал 1%-ы ғана неміс тілінен аударылады. Бұл статистикалардан-ақ, ағылшын тілін меңгерудің қаншалықты маңызды екенін, ақпарат пен білімнің барлығы да сол тілде екенін түсінуге болады. Ағылшын тілін білетін адам, жер жүзінде бір миллиард адаммен еркін коммуникацияға түсе алады деген сөз.
Шет тілдердің арасында ағылшын тілі ешкімге шаң жұқтырмай, алғашқы орынды бермей келеді. Бизнес, туризм, ғылым, білім беру жүйесі, интернет, кинемотограф т.б. әлемнің түрлі саласында дәл осы ағылшын тілі қолданылып, көптеген әлемдік жобалар, саяси кездесулер мен жиындар, спорттық жарыстар мен олимпиадалар ағылшын тілінсіз өткен емес. Біздің президентіміз Н.Назарбаев бостан босқа бұл тілге көңіл бөліп жатқан жоқ, әлемдік деңгейде мойындалған елбасымыз ағылшын тілінің қаншалықты маңыздылығын бізден әлдеқайда жақсы біледі. Сондықтан, еліміздегі білім мен ғылымды т.б. саланы дамытамын деген әрбір жас, әрбір патриот ағылшын тілін білуі міндетті. Оның пайдасы да шаш етектен.
Барлық құқықтар қорғалған. EL.KZ белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://el.kz/news/archive/content-28669/
Еңбек бөлінісі – еңбек қызметі түрлерінің ара жігін ажырату. Еңбек бөлінісі еңбекті ұйымдастыру жүйесінде қалыптасады. Өндірістің тиімділігін арттырудың тұрақты қолданыстағы факторы болып табылады. Негізгі 3 түрге бөлінеді:
жалпы қоғамдық өндіріс ауқымында қалыптасатын жалпы еңбек бөлінісі;
түрлі салалар мен өндірістер арасында орын алатын жеке еңбек бөлінісі;
жекелеген кәсіпорындар мен бірлестіктер, қызметкерлер арасында орын алатын жеке-дара еңбек бөлінісі
Сонымен қатар аумақтық, халықаралық еңбек бөлінісі де болады. Кәсіпорындарда:
қызметкерлердің өндірістік-шаруашылық қызметтерге қатысуына, орындалатын міндеттердің сипатына, өндірістік үдеріске қатысуына қарай атқарымдық еңбек бөлінісі;
еңбек үдерісінің технологиялық жағынан бір текті жұмыс түрлері бойынша саралануына негізделген технологиялық еңбек бөлінісі;
қызметкерлерді кәсібі (мамандығы) және біліктілік деңгейі (разрядтар, санаттар) бойынша бөлетін кәсіптік-біліктілік еңбек бөлінісі.