1) Өлеңнің тақырыбы ақынның өлеңге денген құрметінде.
2) Өнерге деген махаббаты өте ұшқын.
3) Себебі, ол жазушы.
4) Ол қазақ әдебиетіне лирикалық өлеңдер жазып қалдырып кетті.
5) Өлеңге.
6) Фариза ақынның "Сүйген сұлу", "Қасаңсап кеткен кезімде", "Қасиет көп адамда табынардай", "Құпия ғой, құпия деген адам", "Келе жатам әрі мұңлы, әрі ақсақ" деген өлеңдерін білемін.
7) "Ақбөбек жырлары", "Дауа".
8) Әрине. Өйткені, ол "Поэзия падишасы".
9) Себебі, ол нағыз тұнып тұрған лирик.
10) Ойлану, саралау, сезіндіру.
11) Фариза Оңғарсынова 1939 жылы Атырау өңіріндегі Манаш ауылында дүниеге келген. 1967 жылы "Бұлбұл" деген атпен тұңғыш жыр кітабы жарық көреді. Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде-кем. Ақынның жазған жырлары сандуғаш болып сайрады.
«Сүйіспеншілік пен достық» тақырыбына дербес пікір жазу.
1. Cүйіспеншілік пен достық бар адамға тән деп есептеймін.
2. Себебі, сүйіспеншілік – тіршіліктің негізгі тірегі, сүйіспеншілік дегеніміз – жақындарымызға, қоршаған ортамызға, бір сөзбен айтқанда, барша әлемге махаббатпен қарау. Ал «Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағаммен тең» дегендей, достықсыз өмірімізді елестету қиын.
3. Бар жан дүниесі, жүрегі сүйіспеншілікке толы жан ешқашан жамандық ойламайды, себебі ол бақытты жан, оның рухы кемелдік көгінде қырандай қалықтап, мәңгіліктің жасыл жайлауына қанат қағады. Ал достық дегеніміз - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі.
4. Әрине, сүйіспеншіліксіз өмір сүруге әбден болады дейтін адамдар да кездеседі.
5. Дегенмен, сүйіспеншілікті адам алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап сезіп-көріп, мейірімін төккен ата - анасының ыстық құшағында олардың аялы алақанын сезіне бастайды.
6. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сақтай білу өте маңызды. Ендеше, сүйіспеншілікті пен адал достықты өмірлік ұстанымызға айналдырып, барлығымыз бақытты, ал достығымыз мәңгілік болсын!