Әлемнің еңбек нарығы біз ойлағаннан да жылдам өзгеріп жатыр. Демографияның өсуі мен технологияның дамуынан 2020 жылға қарай 5 миллионнан астам адам жұмыссыз қалуы мүмкін. World Economic Forum сараптамасына орай, кеңсе және әкімшілік қызметте жүргендер жаппай қысқартуға тап болуы ықтимал. Қазіргі таңда жасанды интеллектке ие робот мүмкіндігін арттыру қарқын алып келеді. Десе де, әмбебап робот қызмет көрсету саласында автономды жұмыс істеуді үйренгенше 10-15 жылдың көлемі бар. Ал бағдарламалау тілі алдағы бірнеше жылдың ішінде талай адамды жұмысынан айырады. Мысалы, қарапайым кеңседегі хаттамаларды компьютерде толтырып, электронды поштамен ақпарат таратып отыратын мамандардың қызметін арнайы бейімделген бағдарламалар жасай алады. IQ боттар автономды тәртіпке ауысып үлгерген. Ендеше белгілі футурологтардың пікірлеріне сүйеніп, жақын болашақта сұранысқа ие болатын мамандықтар тізімін ұсынамыз.
1. Data сарапшы
2020 жылға қарай қаржы институттарынан бастап өндірістің кез келген саласында ақпаратты игеріп, оны талдап отыратын маман қызметіне сұраныс болады. Капиталистік қоғамда ақпаратты талдау маңызы орасан зор. Мысалы, қаржы институттары әртүрлі нарықтарда сауда жасау үшін оларға нарыққа шолу жасап, табыс алудың мүмкіндігін қарастыру керек. Онымен дата сарапшы айналысады. Бұл трендке журналистикада да сұраныс артып келеді. Соңғы жылдары журналистердің статистикалық мәліметті қарапайым халыққа түсінікті тілмен жеткізуі қысқа уақытта мол ақпарат алудың мүмкіндігін беруде.
2. Жеке адамның PR маманы
Бір өнімді сату үшін оны алдымен жарнамалау керек. Ал жарнаманы өтімді етіп жасау арқылы өнімді брендке айналдырамыз. Соңғы жылдары адамдар өзін жарнамалауға көп көңіл бөле бастады. Нақтырақ айтар бослақ, кәсіпкерлер өз өнімін ұсынудан бұрын, өз атын жарнамалап, сосын өнімді сатуға көшіп жүр. Сондықтан жақын болашақта жеке адамның PR маманы болу трендке айналады.
3. Компьютер мен математикаға қатысы бар мамандықтар
Бұл секторге бағдарламашылар, ақпараттық қауіпсіздік сарапшылары және IT инжиниринг кіреді. Роботтық технологияның дамуына септігін тигізіп отырған IT саласының мамандары осыған дейін де сұраныста болса, кейін де сұраныстан түспейді. Өйткені интернет кеңістіктің мүмкіндіктерін арттыру осы мамандардың қолында.
4. SMM
мамандары Болашақта интернеттегі медиа компаниялар әлеуметтік желілердің айырылмас бөлігіне айналады. Сондықтан журналистер әлеуметтік желілерде жұмыс істеудің принциптерін үйрене бергендері жөн. Әйтпесе, SMM мамандары медиа секторын толықтай өзіне игеріп алуы ықтималдан жоғары емес.
5. Онлайн ұстаз
Интернет мүмкіндігі артқан сайын, білмейтінімізді веб-беттерден іздеуге үйрендік. Осы үдеріс ілгері дамып, ұстаздардың басым бөлігі интернетте білім беруге көшеді. Мұның әсерінен сұраныс азайып, университеттер саны да қысқаруы мүмкін.
6. Сәулетшілер мен құрылыс инженерлері
Ғаламшардың демографиялық өсімі артқан сайын жаңа ғимараттар көтеру жалғасын таба бермек. Оған өндірістегі инновациялық өзгерістерді игеріп, үнемі дамуға тырысатын инженерлер керек. Сонымен қатар, инжиниринг биохимия, нанотехнология, роботтық техника және жасанды интеллект салаларында да сұраныс артады. 2020 жылға дейін компьютерлік модельдеу инжинирингі саласына жақын 2 миллионнан астам жаңа жұмыс орны ашылуы мүмкін. Университеттер осы сынды салмақты болжамдарды ескере отырып, маман дайындау бағытын жаңартып келеді.
7. Денсаулық сақтау қызметкерлері
Дәрігерлердің орнын басатын роботтардың шығуы мүмкін екені жайлы талай футурологтардың пікірі айтылып жүр. Тіпті IBM хирург роботты дамытуды бастап жіберді. Десе де, ол жақын болашақта іске толықтай кірісуі екі талай. Роботтарды автономды тәртіпте адамға ота жасау мүмкіндігіне жеткенше а ң денсаулығын күту дәрігерлеріміз бен өзге де медицина қызметкерлерінің қолында. Сонымен қатар, 2050 жылдарға қарай қоғамда пайда болатын жаңа мамандықтар қатарында Ғарыш қоқысын тазалаушы, нейродиетолог, биомедицина инженері, ДНҚ кеңесшісі, цифрлық маркетолог, ғарыш туризмінің ұшқышы, альтернативті энергия инженері болмақ.
Объяснение:
Объяснение:
1.Профессор Ә.Жамалов күн энергиясын пайдалануға байланысты зерттеу жұмысына жарты ғасырға жуық өмірін арнады.2.біз энергияның баламалы түрлерін өндіруге, Күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз.3.Еліміздің жер қойнауы мұнай мен көмірге, басқа да пайдалы қазбаларға бай болғандықтан, біз энергия тапшылығын көріп отырған жоқпыз.4.Мәскеу қаласының мамандарымен бірігіп, 1000 шаршы метрлік Күн энергетикалық қондырғысын жасады5.Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар. 2050 жылға қарай елде энергияның баламалы түрлерінің тең жартысы өндірілуі тиіс
Объяснение:
Тіл – халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұта білуі керек. Өйткені халықтың даналығы, жырлары, шежіресі сол халықтың тілінде жазылады. Тіл – қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – халықтың жан, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі. Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Менің ана тілім – қасиетті қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. "Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқынын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына",-деп Жүсіпбек Аймауытов ағамыз жазғандай, жерін, елін сүйген әрбір азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Бала өмірге келгеннен бастап, өз ана тілінде сөйлеп, ана тілінде білім алып, жалпы ұлттық тәрбие алуы керек деп ойлаймын. Себебі өз ана тілінде сөйлеу оған деген көзқарас ең зор адамшылық, мәдениеттілік, тәрбиелілік өлшемі болып табылады. Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, "мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы"деген болатын. Ана тілі – алтын қазына, ана тілін қадірлеу, беделін нығайту біздің парызымыз.