Дәрігер мамандығы - ең көне кәсіптердің бірі. Мындаған жылдар бойы дәрігер жұрт арасында, әсіресе сол заманның зиялыларының ішінде, әртұрлі сезімдер тудырған. Ол сезімдердің қайшылығы, орта ғасырларда дәрігергё берілген анықтамадан бейнеледі: дәрігер - tristones(үш жүзді).Яғни, халықтың ойы бойынша, дәрігер үш жүзді болған: кәдімгі өмір жағдайында - әдепті адам, науқастың жанында - періштедей, ал гонорарды талап еткенде - шайтандай. Материалдық қүндылықтар жүрген жерде, бақылау да жүретіні анық. Сондықтан, қоғам әрқашан да медициналық әрекетті бақылауға алып үнемі қадағалап отырған.
Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. "Кісілік", иізгілік", "имандылық" тәрізді ұғымдармен мәндес. Адамгершілік - адамшылық, каталдықпен салыстырғанда жаксылық тілеу қарым-қатынастары.
Халықтық дүниетанымда мінез-кұлықтың әр түрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады.Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей Адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық, т.б.
Жұмыс,қарект,тірлік,іс,шаруа