Оқылым мәтініндегі буын үндестігі заңдыл Үлгі:
Жуан буынды сөздер
Жіңішке буынды сөздер Аралас буынды сөзде
дариясына, ...
бетіндегі, ...
қыстыгүні, ...
Сөйлемдерден ерін үндестігіне сай айтылатын сөздерді тауып, орфоэпиясы бойы
жазыңдар.
Үлгі: жузіне - жузуне,..
Күн қатты ысыған кезде су буланады. Көк жүзіне судың көзге көр
уы жеңіл ауамен жоғары көтеріледі. Күн салқындағанда ауаның Жер с
кақын орналасқан ең төменгі қабатындағы бу бұрынғы мөлшерін ұстай а
те майда, ылғал түйіршіктеріне айналады. Содан тұман буы пайда болад
ыңдалым және айтылым (1)
манға берілген ғылыми анықтамамен танысыңдар. Оқылым материалымен
ды табыңдар. Ой бөлісіңдер.
Тақырыбы жағынан, қандай мақсатта қолданылуына орай бірнеше топқа жіктеледі:
тұрмыс-салт өлеңдері (төрт түлік туралы өлеңдер, наурыз өлеңдер),
дінге байланысты салт өлеңдері (жарапазан, арбау, жалбарыну, бақсы сарыны, бәдік),
үйлену салт өлеңдері (тойбастар, жар-жар, сыңсу, беташар),
мұң-шер өлеңдері (қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау),
өтірік өлеңдер, т.б.
Тұрмыс-салт жырларында көне эпостық шығармаларға негіз болған мұң-шер өлеңдері мен саят жырларынан бастап, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты, қуаныш пен сүйініш-күйінішті көрсететін лирикалық ән-өлеңдер де, тарихи шағын жырлар да кездеседі. Соның ішінде наурыз жырлары, төрт түлік мал туралы өлеңдер ең көне түр болып саналады. Мұндай жырларда ежелгі адамдардың еңбекөлікәсібі, түрлі тотемдік түсініктері, табиғаттың жұмбақ сырына үңіліп, оған табынудан туындаған ұғым-түсініктері сипатталады. Мысалы, “Қамбар ата”, “Шопан ата”, “Зеңгі баба”, “Ойсыл қара”, “Шекшек ата”, т.б.
Түркі халықтарының тұрмыс-салт жыры тақырып, мазмұн, түр, жанр жағынан ұқсас келеді. Мысалы, нәрестенің дүниеге келуі, үйлену, дүниеден қайту, жаңа жыл салтанаты, еңбек мерекесі, т.б. дәстүрлі салттар түркі халықтарында өлең-жырсыз өтпейді.
Қазақтың тұрмыс-салт жырлары жеке немесе топтасқан түрде белгілі бір әуенмен орындалады. Қазақ зерттеушілері тұрмыс-салт жырлары терминін түрліше қолданған: салт өлеңдері (Ә.Диваев, Б.Кенжебаев), сарындама (А.Байтұрсынов), сыншылдық салт өлеңдері (М.Әуезов), салт өлең-жырлары (С.Сейфуллин), тұрмыс-салтқа байланысты туған шығармалар (М.Ғабдуллин), әдет-ғұрыппен байланысты өлеңдер (Б.Уахатов), т.б. Уахатовтың “Қазақтың халық өлеңдері” (1974) еңбегінде тұрмыс-салт жырларының көне түркілік дәуірден бергі үлгілері мен жиналу, зерттелу жайы жан-жақты қамтылып, өлеңдер жанрлық тұрғыдан 4 түрге жіктелген. Алайда халықтың тұрмысы мен салты үнемі өсу, жаңару үстінде болғандықтан жырларды жіктеу де өзгеріске ұшырап отырады. Ғылымдағы соны көзқарастар нәтижесінде тұрмыс-салт жырлары да жаңаша тұрғыдан саралана бастады