Үнді пәлсапасы б.з.д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде, арийлердің (малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, олардың елді басып алуы, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі Үндістанда таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуымен дүниеге келді. Мемлекеттік биліктің басында раджа тұрды, оның билігі егін шаруашылығымен айналысушы ақсүйектердің билігіне және рулық абыздық билікке тірелді. Ежелгі Үндістан қоғамының әлеуметтік стратификациялануын төмендегідей сипаттауға болады:
TibetianGanpati.jpg
Варналар - топтар Варналардың өкілдері
Брахмандар Абыздық варна
Кшатрийлер Әскери ақсүйектер тобының варналары
Вайшьялар Егінші-варналар
Шудралар Төменгі варна
Дешті Қыпшақ жері – менің атамекенім
(Эссе)
ХІ ғасырдың басы. Қыпшақтар күшейіп, тарих сахнасына билік жүргізуші қағанат ретінде шыға бастаған уақыт. «Қыпшақ» дегенде ойға жалғыз қыпшақтар ғана емес, бір тудың астына біріккен көптеген, тұтас түркі халықтарының бірігуін айтамыз.
Қыпшақтар түркі, оғыз тайпаларын біртіндеп күйрете отырып өз жерлерін кеңейтті. Осылайша, Шығысы Алтай мен Ертістен басталып, батысы Карпат пен Дунайға дейін созылып жатқан кең байтақ ұлы даланы, жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені, асыл мекенді – «Дешті Қыпшақ» жері деп атадық. Ең алғаш «Дешті Қыпшақ» сөзін Наср ибн Хұсрау өзінің «Диуан» атты еңбегінде қолданды. Бұл сөздің мағынасы парсы тілінен аударғанда «Дала» дегенді білдіреді. Бұл аумақты қыпшақтар мекендеп, билеп-төстегендіктен Дешті Қыпшақ даласы деп аталады. Ал, сан мыңдаған тарихи деректер мен дәлелдемелер бойынша қазақтардың түп-тегі осы Қыпшақтардан шыққан. Мен – Қазақпын! Сондықтан, Дешті Қыпшақ жері менің атамекенім! Мен өз елімді, өз жерімді, атамекенімді мақтан етем, мәңгі қорғаймын! Дешті Қыпшақ жері маған ыстық!
Объяснение: