4-жаттығу. Переведите, подчеркните көмекші есімдер. 1. Көлдің ортасында арал бар. 2. Көлдің жағалауы құм,
3. Бүлақтың басы тұнық. 4. Біздің үй театрдың қасында,
5. Үйдің сырты көк бояумен боялған. 6. Саябақтың іші
салқын. 7. Байкалдың түбі терең. 8. Ауылдың маңы жап-
жасыл шөп. 9. Ауыл мен қаланың арасы алыс емес.
Сын есім.
Сын есім – заттың сындық белгісін білдіретін сөз табы. Сондықтан ол зат есімнің алдынан ешбір қосымшасыз келіп тіркесіп сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады. Мысалы, асыл – мұра, әсем ән, жақсы кітап, қызық әңгіме т.б.
Сын есім мағынасына қарай сапалық және қатыстық сын есім болып бөлінеді: Сапалық сын есім деп заттың түрі, түсін, сапасы мен сынын, көлемі мен аумағын білдіретін бір морфемалы сөздер аталады: ақ, көк, үлкен, жақсы,биік, жаман, қызыл, кең, тар, жалпақ т.б.
Қатыстық сын есім деп заттың белгісін басқа бір заттың қатысы арқылы білдіретін сөздер аталады: таулы (жер), қамысты (көл), жазғы (самал), бөрікті (адам), бойшаң (жігіт) т.б.