Сәлем ! Мен бүгін саған хат жазып отырмын, хатымды бастамас бұрын жағдайынды сұрап алайын. Жалпы жағдайын қалай? Денсаулығыңше? Ауырмай шаршамай жүрсінба? Жалпы үй-ішіңнің халі қалай? есіңдеме біз алғаш мектеп табалдырығын аттағанда сенде менде кіп -кішкентай едік. Ол кездерде қызық еді ия?! Мен қуанамын сендей досыммен бір сыныпта оқығаныма. Біз осы сәтке дейін керемет уақыттарды бірге өткіздік мен оған қатты қуанамын. есіңдеме сен 4ші сыныпта деп(бір қызық оқиғасын жазып қойсаңыз олады) Мен осы хат арқылы бір сырымды ашсам димін сен сыныптағы достарымның ішінде маған ең жақын ең ыстығы болып келесін. Қазақта мынандаи ұлы сөз барғой дос жолдында құран олу емес, нағыз досты тау қиын деген менің аитқым келгені сенімен танысқалы нағыз досты тапқандаймын.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.