Ортна 3-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіріп айт. Бірге және бөлек жа-
1. Те
зылған сөздерге көңіл бөл.
Марқаның жағасы ерте кеуіп, ерте көктеді. Жауқазыны қарды
жарып шыға беретін тау бөктерінің былтырғыдан қалған күреңсесі
күлтеленіп, қаулай тебіндеп келе жатқан көкпен араласып, ала-
шабырланып жатыр. Тау ішінде көкжиек жақын болады. Тауда
тұрғанда аспан да аласа көрінеді. Сол көктемгі көкжиек - қоп-қою
жалқынды сағым іркіліп барып, әлгі көк күмбезімен көмкерілген.
Жазғытұрымның кірбіңсіз ашық аспаны мөлдіреп, көлде көрініс
беріп тұр. Кілкіген жұқалаң мұнар арасынан оқшау көрініп, мұнда-
мұндалап аппақ болып жататын Тарбағатай шың-құздарын ұзын-
нан-ұзақ созылған жіп-жіңішке ақ бұлт екіге бөліп, аспан тауына
ұқсайтын. Енді-енді бүршік атып, көктемнің шуағына алақанын
жая бастаған орман соңғы нөсерден жаңа ғана ес жиып бусанады.
Көктемгі ауада сарай ашар жағымды саумал иісі бар. Сымпылдай
ұшып келген бір топ шүрегей Марқакөлдің айдынын төсiмен тіл-
гілей қонды да, мамырлап жүзе жөнелді.
(О. Бөкей)
Абай – ұлы аудармашы. Қайткенде де, ақынның аудармалары – өзінің төл туындылары секілді, елдің жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған туындылар. Абай – Батыс әдебиетіне аудармашы ретінде алғаш жол салушы. Ол қазақ әдебиетін Лермонтовтың «Бородиносынан» бастап, аударманың небір жауһар үлгілерімен толықтырды. Біріншіден, Абай – талғампаз аудармашы. Адамгершілікті дәріптеуге, жаман мінез-құлықты шенеуге құрылған аудармалар М.Ю.Лермонтовты аударудан бастау алды. Идеялық мазмұн мен көркемдік эстетиканың үндескен тұсы да осы болса керек.