М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
khgfdl
khgfdl
29.02.2020 04:28 •  Қазақ тiлi

О. ОҚЫЛЫ
6-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнындағы ақпараттардың
маңызын талда. Негізгі және қосымша ақпаратты тап.
Адамзат үшін тілдің маңызы ерекше. Бұл - тек қатынас
құралы ғана емес, әр адамның өмір сүруі үшін ауадай қажет
байлығы.
Жақында Жапония ғалымдарының Токио қаласындағы
перзентханалардың бірінде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүр-
гізілген. Сонда үш ұлттың жаңа туған нәрестелеріне бір тәжірибе
жасаған. Сәбилердің тыңдау қабілеттерін тексеру үшін жылаған
кезде басқа тілдерде сөйлеп, жұбату сөздерін айтқан. Сәби жы-
лауын тоқтатпаған. Ал олардың әрбірінің ана тілінде сөйлеген
кезде нәрестелер жылауын сап тыйып, үнсіз қалған. Халқымыз
бала тәрбиесі ананың құрсағында болған сәттен басталады деп бе-
кер айтпаған екен. Анасы өз тілін білмейтін балада да ана тіліне
деген мұқтаждық болады екен. Бірақ адам өсе, есейе келе оған
мән бермеуі мүмкін. Әйтсе де өмірдің соңғы белесі қарттыққа
аяқ басқан шақта туған тілде сөйлеуге қажеттілік қайта оянады.
Бұл
ғылыми дәлелі бар шындық.
аи забанды Жумабаев​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
ta2001nja
ta2001nja
29.02.2020

Жалпы а ң өмірінде екі мақсат болады десек: бірі – күнделікті мақсат, яғни қара бастың қамы, екіншісі – ізгі мақсат. Ізгі мақсаттың ауқымы кең. Ол – еліме, халқыма адал қызмет етсем, қажетіне жарасам, гүлденіп көркеюіне үлесімді қосам деген ізгі арман. Сондай ізгі мақсат, асқақ арман иелері «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» деп ақын Сұлтанмахмұт айтқандай, бүкіл ақыл-ойын, талантын, еңбегін, бар өмірін елінің, халқының жарқын болашағына арнаған ұлы тұлғалар қазақ тарихында баршылық. Олар ұлы ғалым Шоқан, ұлы ақын Абай, ұлы жазушы Мұхтар, әйгілі ғалым Әлкей Марғұлан, ұлы геолог Қаныш Сәтбаев, т.б.

Уақыт өткен сайын олар оқшау дараланып, жарқырай түседі. Олар сарқылмас бұлақ, өздерінің талантымен, терең білімділігімен, тұңғиық терең ақыл-парасатымен, елінің, халқының, болашақ жас ұрпақтың жарқын өмірі үшін еткен ерен еңбек­терімен тарихта есімдері алтын әріппен жазылған ұлы тұлғалар. Солардың бірі де бірегейі – Қаныш Сәтбаев. Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына биыл 120 жыл толғалы отыр. Болашақ ғалым 1899 жылы 12 сәуірде қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында Имантай бидің отбасында дүниеге келген. Нәрестеге Ғабдул-Ғани деген есім берілді. Алайда анасы Әлима «Ғаниым», «Ғанышым» деп еркелеткен, содан Қаныш аталып кеткен. Сауатын ауыл молдасынан ашқан Қаныш, алдымен – ауыл мектебінде, Павлодардағы орыс-қазақ мекте­бінде, Семей мұғалімдер семинария­сында, кейіннен Томск технология институтын тамамдайды. Алғашқы еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған Қаныш, сонау аумалы-төкпелі ­заманда Ахмет, Міржақып, Жүсіпбек сынды ұлы тұлғалармен иық тіресіп, халқының көзін ашып, көкірегін оятуда ерен еңбек сіңірді. Тіпті оның мектеп оқушыларына арнап ­«Алгебра» оқулығын дайындауының өзі – ұлтының болашағын ойлауының дәлелі болса керек. Алайда бала кезден жерінің тау-тасына қызығушылығы, оның жұмбақ сырын білуге деген ынтызарлығы геологиялық барлау мамандығы бойын­ша Томск технологиялық инс­ти­тутының тау-кен факультетін бітіргеннен кейінгі бүкіл өмірі Қазақ­станның жер қойнау, қазба байлығын зерттеуге арналған. Ол сарқылмас кең орындарын тапты. Қазақтың елі малға бай болса, жер қойнауы кенге бай екенін бүкіл әлемге көрсетті. Оның ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе Жезқазған кені туралы зерттеулерінің, оның ірі мыс кенді аймақ қатарына жататынын дәлелдеп беруі – ғылым саласындағы үлкен жаңалық болды.

4,8(3 оценок)
Ответ:
bayosoz5oe5
bayosoz5oe5
29.02.2020

Мүмкін Кендебай шығар? Керқұла ат қой. Ал тапсырмада ең маңызды әрекеттерді анықта делінген, яғни бұл Кендебайға қатысты.

Қайырымдылығы:  жылағанды    жұбатыпты, 

қысылғанға  жәрдем беріпті.

Қамқорлығы:  Қарасудың  бойындағы    жыртық  үйлі 

кеделерді аң аулап асырауы.

Жанашырлығы:  жетім    баланы    жұбатып,  әке-

шешесін  тауып  беруге уәде  беруі.

Кішіпейілдігі:  хан    қызының    ақылын  тыңдап, 

«Айрылғырдың  суы  айырыл!» деуі.

Адалдығы: жұлынып  қалған  қолындағы құлынның 

алтын құйрығын ханға табыс етуі.

Шыдамдылығы:  шаршаса  да  түн  бойы  көз  ілмей  

құлынды  күзеткендігі.

Ақылдылығы:  ханға  келген  шаруасын,  өзінің  

қарапайым адам екендігін айтуы, баланың әке-шешесін босатуға рұқсат сұрағандығында. 

Сізге жауабым ұнаған болса, маған тіркеліп, "лучший ответ" деп басуыңызды сұраймын, рахмет!

4,8(22 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ