Эссе
Көне ескерткіштер - дала көркі.
Ескерткіштер - қай халықтың болмасын өшпес қазынасы.Ата-бабамыз кең даламыздағы көне ескерткіштерді көздерінің қарашығындай сақтасын деп мұра ретінде бізге,жас ұрпаққа,аманат етті. Қазір, Қазақстанда 25 мыңға жуық тарихи ескерткіштер бар. Олардың бәрі мемлекеттің қорғауына алынған. Ал соның ішінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесі 2003 жылы ЮНЕСКО-нің Бүкіләлемдік мұра тізіміне тіркелді.Біз үшін бұл үлкен мақтаныш.
Ескерткіштер түрліше болады. Ескерткіштерді негізгі төрт түрге бөледі: археологиялық ескерткіштер,тарихи ескерткіштер,сәулет өнері ескерткіштері, монументтік ескерткіштер.Сондай-ақ,ескерткіштерге тарихи-танымдық немесе тарихи-көркем құндылығы бар жазбаларды да жатқызуға болады.Сонау дәуірдегі Орхон ескертіштерінен бастап,Арыстан Баб,Қожа Ахмет Ясауи,Айша Бибі,Алаша хан,Қарахан,Жошы хан кесенелері мен күмбездері,обалар,малта тастар мен археологиялық қазбалар - бәрі-бәрі осынау қазақ даласының әшекейлері.
Шоқан Уәлиханов бір сөзінде: «Қазақ даласында не көп— бірі көне, бірі жаңа жапырлай орналасқан зираттар, обалар мен төбешіктер көп. Қазақтың тұрмыс тіршілігінің бұл тілсіз ескерткіштері тарихи тұрғыдан гөрі, жағрафиялық тұрғыдан алғанда қымбаттырақ» деген екен.Шынымен де,олар сол заманнан мол мәлімет беріп қана қоймай,біз ғана емес шет елдік туристер де ағылып келетін көненің көздері ғой.Осындай ескерткіштерімізді сақтау - біздің борышымыз деп білемін.
Объяснение:
Ардагер - ежелгі Римде әскерде немесе флотта мерзімін өтеген солдаттар.
Одан әрі сөз әр түрлі мемлекеттер мен елдерде, әдетте әскери (жауынгерлік) іс-қимылдарға қатысқан отставкаға шыққан әскери қызметшіні белгілеу үшін қолданыла бастады. "Еңбек ардагері" медалімен халық шаруашылығындағы, ғылым, мәдениет, халықтық білім беру, денсаулық сақтау саласындағы, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардағы ұзақ жылғы адал еңбегі үшін еңбеккерлер, сондай-ақ еңбек сіңірген жылдары үшін немесе қарттығы бойынша зейнетақы тағайындау үшін қажетті еңбек өтіліне жеткенде олардың еңбек сіңірген еңбегін тану белгісі ретінде жұмысшылар, колхозшылар мен қызметкерлер марапатталды.
Медаль кеуденің сол жағына тағылады және "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін" медалінен кейін орналастырылады.»
Наградталған, зейнеткерлікке шыққаннан кейін, бірқатар әлеуметтік жеңілдіктерге.