Доспамбет жырау — жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болған. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарайда, Стамбұлда болған. Қырым ханының жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқан. Тайпааралық ұрыстардың бірінде қаза тапты.Доспамбет жырау жырларынан оның мұрат-мақсаты, түсінік-талғамы, дүниеге көзқарасы анық аңғарылады. Отан қорғау, елге, жерге деген сүйіспеншілікті бейнелейтін жырларында қырым, ноғай, қазақ жұртының іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болып отырған заманды аңсау сарыны байқалады. Жырау ол заманды қайтып келмес бақытты өмір ретінде толғайды (“Айнала бұлақ басы таң”, “Тоғай, тоғай, тоғай су”, “Азау, азау дегенің”, “Арғымаққа оқ тиді”, “Қоғалы көлдер, қом сулар”, “Айналайын, Ақ Жайық”, т.б.).
1-категория. Қазақстан территориясынан жойылып кетуі де ықтимал. Себебі аты аңызға айналған бұл жыртқышты 40 жылдан бері ол мекендеген жерлерден (Тянь-Шань мен Алтай таулары) кездескені жайында анық деректер жоқ. Қызыл қасқырды Қазақстандағы хайуанаттар бағында қолдан өсіруді қолға алып, оны бұрынғы мекендеген жерлерге қайта жіберудің жолдарын қарастыру керек.
Тянь-Шань қоңыр аюы
3-категория. Тянь-Шань тауы мен Жоңғар Алатауында мекендейді. Ол жерлерде тиісінше 200 және 300-дей аю тіршілік етеді. Бұл аңға тиетін негізгі қауіп – адамның тікелей аулауы және таулы аудандарды игеру барысында оны мекендейтін жерлерінен ығыстыру.
Жоңғар Алатауында қорық ұйымдастырып, ал Алматы мен Ақсу-Жабағылы қорықтарында аюды қорғауды күшейту керек.
Орта азия тас сусары
3-категория. Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы мен Алтайда тараған. Қасақылық әсерінен саны біртіндеп кемуде. Тас сусарды қорғау үшін көпшілік халық, әсіресе аңшылар, арасында кең көлемде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу керек
Орман сусар
3-категория. Қазақстанда тек Жайық өзенінің жайылмаларындағы ормандарда мекендейді. Соңғы жылдары Солтүстік Қазақстанның ормандарында бірнеше рет кездескені белгілі. Бұл жерлерге ол Россияның шекаралас аудандарынан өтіп келген. Санын шектеудің негізгі факторлары – қасақылық және азық қорының азаюы. Кирсанов қорықшасында қорғауды күшейтіп, азық қоры аз болған жыддары сусарды қыс айларында үстеме қоректендіруді ұйымдастыру керек.
Европа қара күзені
Ғаламтор Қазақстан бойынша кең тараған желінің түрі