ОҚЫЛЫМ ЖАЗЫЛЫМ 6-тапсырма. Мәтінді оқы. Қою қаріппен берілген сөздердің мағынасын
анықта. Төменде берілген кестені толтыр.
Енисей өзенінің бойынан құпия жазуы бар құлпытастар табылғаны тура-
лы алғашқы хабарды Н. К. Видзен, С. У. Ремезев айтқан. Сондай-ақ Сібірде
айдауда жүрген швед офицері И. Т. Страленберг пен немістің белгілі ғалымы
Д. Г. Мессершмид те ақпарат берген. Олар құпия жазулар туралы деректерді
XVIII ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарында келтірген. Бул
жазулардың құпиясы бір жарым ғасырға жуық ашылмады. Ғалымдар қанша
үңілсе де, оның әліпбилік негізін таба алмады. Сондықтан алғашқыда олар
план
- Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
- Достықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық.
“Енді оны қалай ажырата аламыз” дегендерге:
- Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, - деп жауап берген екен.
(Пікірлері тыңдалады.)
1) “Мен жақсы оқимын, қоғамдық жұмыстарға қатысып, әрдайым алғы шептен көрінуге тырысамын. Өз сыныбымыздағы бір баламен достастым. Бірде оның бір баланы ұруға қатысқанын білдім, білісімен онымен достықты үздім.”
2) “ Қалай өмір сүргенімді есіме алсам, ұяттан жерге кіріп кете жаздаймын... Сөйтіп жүргенде Жаннаны кездестірдім. Былай қарасаң қарапайым қыз, оған достасу туралы ұсыныс жасап едім, ол келісті. Достарым оны қалыпты іс деп бағалады, “ Атаманға кім қарсы келуші еді” деп есептеді. Жаннаның басынан біраз нәрсені өткеруіне тура келгенімен ол мені адам етті. Бұл хатымда мен бәлкім ештеңе айтпаған да шығармын, әйтсе де менің құрдастарымның кез-келгенінің адамды жөнге салу ісі қолдарынан келетіндігін айтқым келеді.”
- Бұл екі жағдай бір-біріне ұқсас. Бірақ қыздардың істеген істері бірдей емес. Осы екі үзінді жайлы қандай ой түйдіңіздер?
- “Жаманнан бойды аулық сал” дегендей, алғашқы қыздың дер кезінде достықты үзгені дұрыс та шығар, кәне кім не айтады, пікірімізді ортаға салайық.