Астана Бәйтерек
Біздің бас қаламызда бой көтерген бұл «Бәйтерек» монументі Астананың басты көрікті орны ғана емес, тәуелсіз Қазақстанның сәулеттік символына айналды.
Монумент құру идеясының авторы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Елорданың бас жоспары аясында салынған нысанның сызба-жобасын әлемдік сәулет өнерінің шеберлері жасап, Ресей академиясының сәулетшілері, белгілі жапон сәулетшісі Кисе Курокава және «Ақорда» қазақстандық жобалау-құрылыс компаниясы орнатты.
Өзінің тарихи тамырын сақтап, берік негізін нығыздайтын, болашаққа бағдар жасайтын, мемлекетті түсіндіріп беретін монументтің мағынасы терең. Эпикалық түсіндірмесі бар. Халқымыздың дүниетанымынан хабар беретін, ұлттық ерекшеліктеріне сай құрылған ғажайып ғимаратқа бүгінде Астанаға келген әрбір адам ат басын тірейді. Заманауи тілмен өрсек, «Бәйтерек» Астананың «визит картасына» айналды.
Жалпы, бәйтерек ежелгі таным бойынша, тылсым қасиетке ие алып ағаш. Бәйтерек байырғы орта түсінігінде жердің дәл кіндігінде өсетін, тамыры жерасты, діңі адам әлемі, басы рухтар мекені болып табылатын көк тіреген алып ағаш. Бәйтерек ежелгі түркі сөзі, "бәй" үлкен, алғашқы деген ұғымдарды, ал терек (парсы тілінде дарақ) «ағаш» деген ұғымды білдіреді. Демек "Бәйтерек" екі сөздің бірігуінен жасалып, «зәулім ағаш» дегенді танытады. Оның идеясында «Самұрық» қасиетті құсы туралы ежелгі қазақ аңызы жатыр. Қанатымен аспанды жауып «Самұрық» тұр. Бәйтерек тіршілік тірегіне қарай ұшып келеді. Бәйтеректің ортасында өмір мен үміт беретін алтын жұмыртқа Күнге негіз салуда. Ал астында, тамырында айдаһар орналасып, түн мен қысты шақыруда.
Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, шыныдан, металдан, бетоннан тұрғызылған. Алып шардың түсі хамелеон шынылармен көмкерілген. Күннің шапағына шағылысып, әртүрлі түске құбылып тұрады. Құрылым биіктігі 105 метрді құрайды. Салмағы 1000 тоннадан асады. 97 метрді құрайтын көрініс кешені замануи қаланың көркем бейнесін ашады. 97 саны кездейсоқ емес, ол астананың Алматыдан Астанаға ауысқан мезгілін білдіреді. Панорамалық зал ортасында 17 жапырақтан тұратын, 17 түрлі әлем діндерінің уәкілдері қолы қойылған ағаш глобусы орналасқан. Ал қасында монументті жасау ойы туындаған Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алақанының ізі бар. Егер алақанға қолды қойып, арман-тілек тілесе, орындалады деп айтылады. Соның ішінде «Бата» композициясы да бар. Бұл 2003 жылы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада жиналған он жеті әлемдік діни конфессиялардың жетекшілері Қазақстан халқына және жеріне берген ақ батасы. Ағаштың негізгі функциясы: негізгі үш ел мекемесінің деңгейін біріктіру төменгі (жер асты), ортаңғы (жердегі) және үстіңгі (аспандағы). Төменгі қабат немесе өмір ағашының нәр алатын жер асты бөлігі 4,5 метр тереңдікте орналасқан. Осы арада дәмхана, аквариум және суретші Ерболат Төлепбайдың еңбектерінен тұратын «Бәйтерек» минигалереясы бар. Келушілер панорамалық лифтімен әйнек «шарда» (жұмыртқада) орналасқан кең залдарға көтеріліп, «құс ұшатын» биіктіктен егеменді Қазақстанның жаңа астанасында болған және болып жатқан өзгерістерді көре алады. "Астана-Бәйтерекке" қонақ болғандар үшін жаңа қаланың мәдени-әкімшілік орталығының макеті бар. Сонымен қатар онда «Астана-Бәйтерек» символикасы мен сувенирлік өнімдер сату бойынша дүкен бар.
Бәйтерек бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді.
Нәтиже сабақ
1.Тәуелдік жалғауда тұрған сөзді табыңдар.
а)анам,әкең
2.Өзбек халқы үлкенге де,кішіге де кім дейді?
в)сіз
3.Буын түрлері нешеге бөлінеді?
г)3
4.Ана,әке сөзіне жалғанатын ілік септігінің жалғауларын атаңдар.
в)-ның,-нің
5.Не-ме-ре сөзіндегі буын түрін ажыратыңдар.
б)ашық буын
6.Адам бетіндегі әжім нені аңғартады?
г)біраз өмір сүріп,қиындық көргенді
7.Адамның бойын сипаттайтып сөзді атаңдар.
а)орташа,ұзын
8.Мұрын сөзінде қандай буын түре бар екенін атаңдар.
в)ашық,бітеу
9.Ілік септігі жоқ сөз тіркесін табыңдар.
в)әдемі айна
10.Сыпайы болу дегеніміз не?
б)әдеп сақтау,әдептілік үлгісін,мәдениеттілікті көрсету
2.Бақылау сұрақтарына жауап беріп,тапсырмаларды орыңдар.
1.Отбасы мен Отанның арасында қандай байланыс бар?
"Отан – отбасыдан басталады" деп бекер айтпаған.Бұл екі ұғымның арасында үлкен байланыс бар.Бала отбасыда көрген тәлім-тәрбиені Отанына көрсетеді,жұмсайды.Отбасы ол – "кішкентай Отан".
2.Тәуелдік жалғау жалғанғанда сөзге қандай мағына береді? Мысал келтіріңдер.
Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіреді.Мысалы:Менің дәптерім,атам.Қойдың үлкені.Мектептің кілті.
3.Дыбыс үндестігіне бірнеше мысал келтіріңдер.
Үндестік заңы 2-ге бөлінеді:буын үндестігі,дыбыс үндестігі.Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуін айтады.Мысалы: Әке,шегіртке.Аға, саулық,ғалам.Дыбыс үндестігі дегеніміз - қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ықпал етіп үндесуі.Мысалы:қалалық, мәнерле, мәжіліске, мектепте сияқты мысалдарда қала, мәнер сөздеріне қосымшаның үнді дыбыстан басталып жалғануына сөздің соңындағы дауысты және үнді дыбыстар әсер еткен.
4.Буын және оның түрлері туралы айтыңдар. Ата,әже,бала сөздерін буынға бөліп, буынның түрлерін ажыратыңдар.
Буын (фонетика) — сөйлеу мүшелерінің тұтастай қимылынан пайда болған бір немесе бірнеше дыбыстық тіркесі. Буынды тек дауысты дыбыстар ғана құрайды. және дауыссыз дыбыстардың ретіне қарай мынадай түрлерге жіктеледі: Ашық буын — бір дауысты дыбыстың өзінен ғана тұратын немесе дауыссыз дыбыстан басталып,дауысты дыбысқа аяқталып тұратын буын (а-ра,ұ-лы, ке-ше, қа-ла, не, а-сық, а-дым); 2) тұйық буын — дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа бітетін буын (ат, өт, ас); 3) бітеу буын— дауысты дыбыс екі жағынан дауыссыз дыбыспен қоршалып тұратын буын (тіс, қыз, қар, мұз, құз).
А - та (ашық буын - ашық буын),ә - же (ашық буын - ашық буын),ба - ла (ашық буын - ашық буын).
5.Адамға сіз деп сөйлеу нені білдіреді?
Ол адамның сыпайылығын,кішіпейілдігін,ибалылығын білдіреді.
6.Айналайын деген сөздің қасиеттілігі неде? Анаңның сені еркелетіп жиі айтатын сөзі қандай?
Қазақ халқы бұл сөзді ертеден бастап қолданған.Ол ізгі сүйіспеншілікті,махаббатты білдіреді.
Онысы "сенің жолыңда менің жаным құрбан" немесе "саған келген пәле маған болсын" дегені...
Анам мені жиі "аппағым","тәттім" деп жиі еркелетеді.