Теңге туралы диалог құрастыру.
Інісі: Әпке, сіз білесіз бе біз сыныбымызбен ұлттық мұражайда өтіп жатқан теңге көрмесіне барып, сол жерде қойылған ақшаларды тамашалап қайттық.
Әпкесі: Бәрекелді. Қандай әсерде болдың?
Інісі: Маған бұл серуен өте қатты ұнады, еліміздің тарихына бір сәт үңіліп, алғашқы теңгелердің қандай болғанын өз көзімізбен көріп қайттық.
Әпкесі: Сонда теңге жайлы не біліп қайттың?
Інісі: Қазақстан тәуелсіздігін алғанына 2 жыл толмай жатып, 1993 жылы 15 қараша күні теңгені ресми түрде ақша айналымына енгізген екен.
Әпкесі: Ия, 15 қараша ұлттық валюта күні ғой...
Інісі: Теңгенің ең алғашқы дизайны қалам, калька және тушь арқылы салынған екен,себебі әрлеушілердің қолында бұдан басқа ешқандай құрылғы болмаған.
Әпкесі: Бұл жайлы естімеппін, әйтеуір алғашқы теңгелер шетелде басылып шығарылғанын естіп едім, қай мемлекетте екенін ұмытып тұрмын...
Інісі: Теңгенің бірінші топтамасы Лондонда басылып шығарылыпты.
Әпкесі: Ия, енді есіме түсті. Осы басылып шыққан теңгені елге жеткізу үшін ұшақтармен 20-ға жуық әуе сапары жасалған екен.
Інісі: Алғашында теңгемен қатар тиын да айналымда болған екен, сол алғашқы қағаз тиындарды көріп қайттық. Маған бұл көрме естен кетпес әсер қалдырды.
Бесеудің хаты — қазақ зиялыларының БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекинге жолдаған хаты (1932 ж. 4 шілде). Бастапқыда И.В. Сталинге арналып жазылған.
Атақты "Бесеудің хаты" туралы осы күні көзі қарақты оқырманның бәрі біледі. Олар туған елінің қиын жағдайын ойлап өз бастарын қатерге тігіп, шыбын жандарын шүберекке түйіп шыққандар еді ғой. Олардың жарқын есімдерін жер бетінен жоғалып кетпесе қазақ ұмытар ма?
Бесеудің хаты республикадағы мал шаруашылығының күйрегендігі салдарынан елді алапат ашаршылық жайлағандығын айтып сақтандырған алғашқы дабылдардың бірі болды. Хатта қазақ ауылындағы социологиялық қайта құрулар бүкіл халықтық қасіретке айналып, барлық әлеуметтік топтарды — байларды, орташаларды, кедейлерді қамтығаны, күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру, алым-салық жинаудағы қиянаттар жұрттың жаппай аштық пен індетке, ауа көшуіне әкеліп соққандығы шыншылдықпен баяндалды. БК(б)П Қазақ өлке комитетінің ауыл шаруашылығын басқару жөнінде жүргізген қатыгез саясаты сынға алынды. Бірақ құжатта жергілікті жерлерде жіберілген “асыра сілтеушіліктерге” солшыл коммунистер айыпты деп көрсетілді. Елді ауыр жағдайдан құтқарудың жолдары ұсынылды.
Хаттың авторлары:
жазушы Ғабит Мүсірепов (1902—1985),
Қазақ мемлекеттік ба меңгерушісі Мансұр Ғатаулин,
Алматы Комвузының басшы қызметкерлері Емберген Алтынбеков,
Алматы Комвуз проректорының орынбасары Мұташ Дәулетқалиев,
Қазақ АКСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының сектор бастығы Қадыр Қуанышев қуғынға ұшыратылды. Хаттың жазылуына Халком Кеңесінің төрағасы Ораз Исаев түрткі болған. Бесеудің хаты қазақ зиялыларының тоталитарлық тәртіпке наразылығының бір көрінісі болып табылады.
Дегенмен, жазуша Ғабит Мүсірепов және Мұташ Дәулетқалиев жайлы бірер деректер болмаса, қалған кісілер туралы деректер тапшы. Мұташ Дәлетқалиев Батыс Қазақстан облысындағы Орда өңірінде өмірге келген, 1930 жылы Мәс-кеудің Плеханов атындағы Халық шаруашылығы институтын бітірген, содан елге келіп түрлі салада басшы қызметтер атқарған. Ал "Бесеудің хаты" жазылған 1932 жылғы 4 шілдеде ол КомВУЗ-дың (кейіннен жоғары партия мектебі болған) ректоры қызметінде болған екен.