1. Баянауыл мекені орыс казактарының күшімен 1826 жылы салынды. 2. Казак мекенінің бірінші атаманы болашақта атақты географ, этнограф, саяхатшы және ғалым болатын Григорий Потаниннің әкесі Николай Потанин болған. 3. Баянауыл ауданында Бұқар жырау, суырып салма ақын, әнші Жаяу Мұса, тұңғыш қазақ академигі Қаныш Сәтпаев, Қазақстанның атақты ғалым-энергетигі Шафик Чокин, философ, әрі әдебиеті Мәшһүр Жүсіп Көпеев, тұңғыш қазақ кинорежисеры Шәкен Аймановтар дүниеге келген. Осы жерде қазақтың ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров 4 жасынан бастап өмір сүрген. Кейін ақынның атына сол жердегі көл Торайғыр атанған. 4. Торайғыр көлі. Торайғыр көлі көлемі жағынан үшінші, әрі теңізден айрықша жоғары орналасқан көл болып табылады. Оның суы Жасыбайдыкі секілді тұнық емес, сондықтан шомылатын жер ретінде атағы шыға қоймаған, дегенмен оның балығы көп. 5. Мыстан кемпір шыңы. Туристер арасында "Кемпір-тасс" шыңы атақты болып танылады. Жергілікті тұрғында мен альпинистер оны "Мыстан кемпір" шыңы деп атайды.
Қыс.Даланы аппақ қар жапты.Анда-санда күн борап тұрады.Дала сондай бір тамаша күйге бөленген күйін айтсам сенбейсің, керемет көз жауын алады.Енді сол аппақ кілем үстімен жүрсең көңілің бір көтеріліп қалады.Шанамен сырғанау,шаңғы тебу,мұз үстімен жүру,қар үйін жасау сияқты қыс қызықтары жетіп жатырлық.Қыстың тағы бір көркі аққала. Аққала жасағанға не жетсін. Қыстың келгенін сол білдіреді. Аққаланы жасау оңай. Оны жақсы етіп безендірудің өзі бір ғанибет. Қысты сипаттап әңгімелеу сол мезгілді көз алдыңа елестету дегенмен бірдей. Осындай қызығы мол қысты қалай жақсы көрмейсің?!