Қазақстанның оңтүстік астанасы Алматы қаласы. Далада үлкен зәулім үйлер өте көп. Кала өте үлкен, халқы миллионнан асады. Қала халқы көп ұлтгы. Алматыда ірі алуан ұлттық мәдени орталығы бар. Қалада көптеген университеттер мен институттар бар. Қаламызды еліміздің ғылыми және мәдени орталығы деп атайды. Алматыда театрлары, мемлекеттік мұражайлары көп. Сондай мұражайдың бірі 1973 жылы құрылған археология-мұражайы. Мұражайда экспонаттар көп. Олардың бірі Есік облысынан табылған сақтардың жас жауынгерінің киімі. Мұражай жауынгердің алтындалған киімі, бешпент, етік, жейде, қайыс белдік, семсер мен қанжар, үлкен екі алтын сақина, сақина мөрі сақталған. Алматы өте әдемі, сүлу, көркем, жасыл қала. Оның көшелері түзу, кең. Тау етегінде саяжайлар мен демалыс үйлері орналасқан. Жазы салқын, қысы жылы.
Ұлыстың ұлы күні берілетін баталар, сапарға бата, дастарқан батасы, соғым батасы, тұсау кесер бата, әскерге баратын жастарға,туған күнге бата, қыз балаға бата, ұл балаға бата, жас жұбайларға бата, ұзатқан қызға бата.
Бата халық ауыз әдебиетіне жатады. Батаны үлкен адам береді. Оны айтқанда қол жаяды. Қол жаю осы айтылған сөздер менің қолыма түссін дегенді білдіреді. Бата өмірдегі өте маңызды жағдайларға айтылады. Батада табыс пен жетістік болсын деп тілейді. Батаның тәрбиелік мәні зор. Бата беру әрқашан көкейкесті болды.