ЖАЗЫЛЫМ 9-тапсырма. Өлеңді негізгі бөлім етіп алып, кіріспе мен қорытындыны
өзің ойластырып, әңгіме жаз.
Жау, жаңбыр!
Аяқасты түнеріп
Кең далаға көлбеген.
Туған жердің аспаны.
Жау-жау, жаңбыр,
Көптен күтіп жүр едік,
Жау, жаңбыр,
Жауын жауа бастады.
Егінжайға шөлдеген.
Өтсе екен деп селдетіп,
Нөсер төпеп ауылды.
Барлығымыз әндетіп
Шақырдық-ау жауынды.
Жау-жау, жаңбыр,
Жау, жаңбыр,
Жау-жау, жаңбыр,
Жау, жаңбыр,
Егін өссе, береке.
Жау-жау, жаңбыр,
Жау, жаңбыр,
Елге әкелер мереке...
(Ескен Елубаев. «Күміс кебеже,
берем өтн керек болып жатыр
Қазағымның қайтпас қара нарысың,
Туған елдің абыройы, арысың.
Тайталаста тайдырмаған
намысын,
Ұрпағыңа қасиетің дарысын, – деген ақын жолдарымен басталған бұл кітап басынан аяғына дейін қазақтың қара нары, елінің сыйлы да ұлағатты азаматы, қоғам қайраткері Ұзақбай Қарамановтың өмір жолы мен қызметіне арналыпты.
Ұзекеңмен мен біраздан таныспын, өзін көрмей тұрып, бірінші атына қанықтым. Құрылыс инженері мамандығы қазақ жерінде тек 60-жылдардың басында ғана қалыптаса бастады, дәлірек айтсақ, осы мамандық бойынша алғашқы түлектер 1962 жылы еліміздің құрылыс индустриясын дамытуға қанат қаққан еді. Сол алғашқы түлектердің бірі болғаным – мен үшін үлкен мақтаныш. Қазақ даласында сәулет өнері кенже қалған дүние емес: қалалар, астаналарды айтпағанда, жаз-жайлаудан кейін қыстың қатал ызғарында ық, пана болатын қыстақтар салынғаны бұрыннан-ақ белгілі, бірақ халықтың басым көпшілігі үшін құрылыс ісі атакәсіп болып қалыптаспаған. Сондықтан да болар, сол 60-жылдардың басында құрылысшы жұмысшылардың арасында қазақтар некен-саяқ кездесетін, қыз-келіншектер тіпті болмайтын да. Қазіргі Никольский шіркеуінің қасындағы базардың маңында университет жатақханасын салып жатқан бригадаға бір қазақ қызының жұмысқа келуі үлкен оқиға болған.Бұл жайттың тосын әрі қызық болып көрінгені соншалық, Алматы қаласы бойынша құрылыс-монтаж басқармаларында (СМУ-17) қызмет атқаратын 3-4 қаралы қазақ жігіті сол қызды көруге барғанбыз. Ол кезде құрылысшы қыз-келіншектердің бәрі орыстар болатын, солардың ішінен кәдімгі жұмысшының комбинезонын киіп, қолына сылақшының құралын ұстаған қазағымыздың қараторысы көзге оттай басылған еді.Ол уақыттарда қыз баланың құрылыс ісінде қара жұмыс істегені, әрине, қазақ тәрбиесіне жат нәрсе еді.